Алтайдан шыққан, Гималайды асып, Тибеттен өтіп Үндістан мен Пәкістан арқылы 1953 жылы Түркияға барған қазақтардан Халифа Алтайдың өмірі мен идеялары жайлы зерттеу еңбек түрік тілінде жарияланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келген Халифа Алтай Кеңестік кезеңде тамырына балта шабылған рухани өмірдің қайта қалпына келуі барысында талмай атамекенінде қызмет істеді. 2017 жылы Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жарияланып отырған кітапта ғұламаның өмірі жан жақты баяндалғаннан кейін оның Қазақстанда дәстүрлі қазақ мұсылманшылығының терең тамыр жаюы барысында атқарған іс-қимылдары мен пікірлері де деректер негізінде келтірілген. “Анадолыдан атажұртқа рухани жетекші Халифа Алтай” деп аталған еңбектің авторы Қазыбек Исламбек осы тақырыпта 1999 жылы Ыстамбұлдағы Мармара Университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Қанлыдеренің жетекшілігінде магистрлік диссертация қорғаған. Алайда диссертацияда 1999 жылдан Халифа Алтай дүние салған 2003 жылға дейінгі уақиғалар орын алмауда. Автордың өтініші бойынша, кітаптың соңғы тарауы болған осы уақиғаларды біз жазып еңбекті толықтырдық.
Бір арман орындалды ойымдағы.
Естелік туган жердін атын сақтау
Әншейін кездейсоқтан қойылмады!”
Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің
профессоры, тарих ғылымының докторы