Астанада Сирия жөнінде кезекті рет өткен келіссөзде тараптар ешқандай жетістікке жеткен жоқ. Алайда Ресей, Түркия және Иранның араағайындары Сириядағы соғысты тоқтату үшін күш саламыз деп мәлімдеді.
16 ақпанда Астанада өткен келіссөз Сириядағы жанжалдасушы тараптарды татуластыруға талпынған екінші басқосу болды.
Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция бетпе-бет келіссөз жүргізуден бас тартты. Барлық тараптар бас қосқан отырыс бірлескен мәлімдемесіз аяқталды. Сирия президенті Башар Асад режимін жақтайтын Ресей мен Иран және қарулы оппозицияны қолдайтын Түркия бірлескен бақылаушы топ құруға келісті.
Қарулы оппозиция делегациясын басқарған Мұхаммед Аллуш бұл кездесуде ешнәрсеге қол жеткізген жоқпыз деді. Бірақ олар Мәскеуден бірқатар уәде алғанын айтты. Ресей оппозиция бақылайтын аудандарға шабуыл жасамауға және саяси тұтқындарды босатуға уәде берген.
Ресейлік және ирандық араағайындар келіссөз бір айдан соң қайта жанданады деп мәлімдеді.
www.azattyq.org