//

Мәскеу кімге қыр көрсетті немесе «Донецк пен Луганск азаматтарының құжаттарын растау» саясаты

1145 рет қаралды

Жақында Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск азаматтарының құжаттарын «уақытша» мойындау қаулысына қол қойған болатын. Қаулы бойынша, Ресей Үкіметі жеке куәлік, білім туралы құжатнамалар, туу туралы күәлік, аты-жөнін ауыстыру мен өлім туралы құжаттарды растайды. Шешім адам құқығын қорғау мен азаматтардың бас бостандығын талап ететін қоғамдық құқық негізінде қабылданды. Сарапшылардың пайымдауы бойынша, бұл қаулы Владимир Путиннің жүргізіп жатқан астарлы саясатының бірі болмақ. Олай болса, Мәскеу Кремлі қабылдаған қаулының мақсаты не?

Ақпан айының басында РБК тергеуінде егемендігі мойындалмаған Донецк пен Луганск «мемлекеттерінің» құжаттарымен Ресей шекарасын өтіп қана қоймай, ішкі рейстермен ұшу мен пойыз билеттерін сатып алуға болады деп жазылыпты.

Сәйкесінше Кремль «Ресей Донбасс мемлекеті тұрғындарының құжаттарын растамайды» деп жауап береді.

«Донбасс азаматтарының құжаттарын муниципалдық үкімет, арнайы компаниялар мен жергілікті басқару органдары қоғамдық көмек көрсету мақсатында қабылдаған болатын. Негізінде бұл құжаттар ресми расталмаған», – деп президент баспасөз хатшысы Дмитрий Песков түсініктеме берген еді.

Оның ойынша, Донбасс тұрғындарының украиналық жеке куәліктері пайдаға жарамсыз және қандай да бір өзге құжаттарды алуға мүмкіндік бермейді.

Бүгінгі таңда аналитиктер Кремль қаулысын ішкі және сыртқы саясат негізінде қабылданған «белгі» ретінде түсінуде және оның мақсатты бағыты Батыс болып отыр.

«Қаулының Мюнхенде өткен конференцияда АҚШ вице-президентінің Украинаға қатысты ұстанымы жайлы айтқан қатты сөзіне тұспа-тұс қабылдануы бекер емес. Сол себепті мұндай қадамды өзге елдерге деген ескерту ретінде санауға болады. Яғни Ресейдің өзіндік саяси саймандары мен статус-квосы бар және белгілі-бір бағыттар мұны сақтауға тырысуда.

Менің ойымша, Путин мен Трамптың кездесуіне дейін мұның астарында маңызды ештеңе болмайтын сияқты. Дегенмен, АҚШ әкімшілігінің мәлімдемесіне Мәскеу жауап қа1437415531_donbassйтаруды жөн көріп отыр», – белгілі Ресей саясаттанушысы Николай Петров.

«Белгі негізінен Киевке беріліп отыр, ашып айтақ Порошенкоға. Мұның барлығы жақында болған оқиғаларға байланысты – Авдеевкадағы атыстар мен Украина аумағында асқынып кеткен жағдайлар. Тұрғындар Порошенконың сепаратистік қозғалыстарға қатысты саясатын қолдап жатқан жоқ, олар қаталдықты талап етіп отыр. Ал Кремльдің құжаттарды растауы не растамауы сол адамдармен Порошенконың әлсіздігінің нәтижесі ретінде қабылдануы мүмкін», – деп санайды Украинадағы Генрих Белл фондының бас өкілі Сергей Сумленн.

Украинаның шығысында орналасқан өз егемендігін өздері жариялаған республикаларды БҰҰ мемлекеттері мойындаған жоқ. Кезінде Грузиядан бөлініп кеткен Оңтүстік Осетия ғана Донецк пен Луганскты «республика» деп санайды. Ал Украина Ресейді Донбасстағы қарулы террористік топтасулардың тікелей қолдаушысы деп айыптауда. Мәскеу бұл іске қатыстылығынан бас тартып отыр.

Ал «Донецк пен Луганск азаматтарының құжаттарын уақытша растау» саясатына Батыс реакциясы қандай болмақ? Ресей ресме түрде растады, бірақ қаулының заң жүзінде жүзеге асырылуы бұлыңғыр болып отыр. Дегенмен белгілі-бір мәселенің қарқынды дамуы оның негативті бағытта өрістеуіне себепкер болмауы да мүмкін деп сенеміз.

Әйгерім Табылдиева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар