28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының бесінші күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 8 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль бар.
3 ақпан күні Шымбұлақ тау-шаңғы кешенінде фристайл мәнерінің қос могулі бойынша сынға түскен Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд Универсиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ, Павел Колмаков екі дүркін қола жүлдегері атанды.
Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд күні кеше жеке могул бойынша алтыннан алқа тақса, Павел Колмоков қола жүлде алған болатын.
Жалпы кесте бойынша Қазақстан құрамасы 18 жүлдемен екінші орында тұр. Үшінші орынға 3 алтын, 8 күміс, 5 қола медальмен Жапония тұрақтаса, әдеттегідей Ресей Федерациясы 15 алтын, 17 күміс және 8 қоламен көш басында тұр.
Күнту Арынбек, Универсиададан
Парақшамызға жазылыңыз