//

Қазақстаннан кімдер кетіп жатыр?

1216 рет қаралды

pogudx3mmr18ho5csg-fedbef39

Қазақстан ұлттық экономика министрлігіне қарасты Cтатистика комитеті елден түпкілікті көшіп кеткен азаматтар саны жайлы деректер жариялаған еді. Статистика комитетінің дерегінше, 2016 жылы Қазақстаннан кеткен мигранттар саны 34 965 адам, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға көп. Елден кеткен азаматтар негізінен Ресей, Германия, АҚШ-мемлекеттеріне қоныс аударады.

Қазіргі 21 ғасырда, әр адамзаттың еркіндігі мен қалауы өте тез орындалады. Мысалы, қай елде тұрғыңыз келеді, ең бастысы қалтаңызда ақшаңыз бар болса болғаны. Өмір сүруі оңай, әрі тез табыс табатын елдерге халық жиі қоныс аударады.

Қандайда бір мемлекеттің гүлденуі, сол елдің қайсар халқының арқасында. Бүгінгі күнде әлем сахналарының төрінде, Қазақстан өз беделімен ерекше . Оның гүлденіп, бәйшешек ашуы 17 миллион халқымен тікелей байланысты.

Ата-мекенінен басқа елге көшіп жатқан халық тек Қазақстанда емес. Еркіндікке негізделген, әрбір азаматтың өз қалауы мен шешімінде жатыр. Тіпті біздің елгеде шетел асып келіп жатқан мигранттар саны жеткілікті. Туың енді тігіп, төрт терезесін төрткүл дүниеге айқара ашқан Қазақстан әр ұлтты құшағыңа сидра білген қонақжай мемлекет.

Не себепті көшіп жатыр?

Қазақстандағы стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық байланыстар жөніндегі сарапшысы Санат Көшкімбаевтың пікірінше, қоныс аударғысы келген адам ең әуелі жайлы орын іздейді. Мұнай бағасы қымбат болған жылдары да Қазақстан азаматтары өзге елдерге көшкен.

ymym-8

Қазақстан қоғамы өкілдері елден кетіп жатқан азаматтардың көбею себебін теңге девальвациясы мен елдің экономикалық және саяси өміріне қатысты жайсыз болжамдармен байланыстырады. Мысалы, тарихшы Наурызбай Байқадамов “жұрт елде басталған дағдарыс кесірінен кетіп жатыр” деп санайды. Оның пікірінше, орыс, неміс және өзге ұлт өкілдерінің тарихи отанына оралуына ұлтаралық қатынастардың еш қатысы жоқ.

Экономист Бейсембек Зиябеков мигранттардың көбеюінің басты себебі Қазақстан экономикасындағы жағдайдың нашарлауында деп санайды.

– «Жұрт соғыс жоқ, тыныш Қазақстаннан кетіп, қандай жайлы жер табады екен?» деп үнемі ойлаймын. Әрине, елдің экономикалық ахуалы нашарлап кетті. Бұрын қазақстандықтар жақсы өмір сүрген еді, енді дағдарыстың зардабын сезініп жатыр. Мұндай елге кім көшіп келеді? – деді Бейсембек Зиябеков.

Не себепті елге келіп жатыр?

Осыдан тоғыз жыл бұрын Ресейден Қазақстанға көшіп келген Юрий Дорохов Hommes.kz басылымына берген сұхбатында Қазақстан әлемде ешкімге де қызық емес ел дейді деп хабарлайды tengrinews.kz.

303999_2379322316781_1139337519_n

Бірақ ол соған қарамастан, Қазақстанға неліктен көшіп келгенін айтты. «Мен Қазақстанға қызықты оқиғаларға тап болып, ақша табу үшін келдім. Колумб неге Үндістанға барды деп ойлайсыздар? Ол сол сәтте Жердің домалақ екенін дәлелдеп, сонымен қоса, алтынға көмілгісі келген еді. Мен де Қазақстанға сол себепті көшіп келдім», — дейді  Юрий Дорохов.

Оның айтуынша, Ресейде Қазақстан жайлы ешкім білмейді. «Ресейде қазақстандықтар жайлы білетіндер аз. Мүмкін қазір біраз адам біліп қалған шығар, бірақ ресейліктердің басым бөлігі Қазақстан жайлы ештеңе білмейді, оларға Қазақстан онша қызық емес. Шынымды айтсам, Қазақстан әлемде ешкімге де қызық емес. Тек мәдениет, тарих сүйетіндерге болмаса, бірақ олардың өзі аз ғой. Бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын. Себебі, көбісі бренд елдерді ғана біледі. Мәселен Германия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ», — дейді ресейлік. Сондай-ақ, ол Қазақстанға көшпес бұрын мұнда кең дала мен «Медеу» мұз айдынын ғана білгенін айтады.

Басылымға берген сұхбатында Юрий Дорохов қазір өзін нағыз алматылық санайтынын айтты. «Мен өзімді қазақстандық сезінемін деп айта алмаймын — мен Ресей азаматымын, бірақ мен өзімді алматылық санаймын. Қазақстанда ұлым дүниеге келді. Ол енді алматылық», — деді ресейлік. Сонымен қатар, ол осындағы достарының Ресейге көшпекші болғанын естігенде, оларды райынан қайтаруға тырысатынын айтты.

Шетелде қалған студенттер

Туған жерінен шетел асып, білім толықтыру мақсатымен барған қазақстандық студенттерімізде «елге қайту» ойлары жоқ екенің аңғартты.

a8icp2wqxwoАнел Нұрсейітова ҚХР ның Southwest University-нің үшінші курс студенті .

Ол өзінің болашағын аспан асты елімен байланыстырады. Оқу ордасын бітіргеннен кейін, Пекин қаласында тұрғысы келеді.

– Әрине, туған жер қашанда ыстық. Бірақ, қайда тұрсаңыз да бәрі бір емес пе? Қытайда, АҚШ-та тұрсам да,  мен – қазақпын. Сондықтан шекаралар мен үшін мәселе бола алмайды.

2017 жылы бұл көрсеткіштің саны қандай болатыны белгісіз. Ең бастысы еркіндікке негізделген әр бір азамат, еркін әрі бейбіт өмір сүрсін!

 

 

 

                                                                                        Арай Жеңіс, СДУ 2-курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар