Депутаттардың айлығы 50% өсті деген ақпарат шықты. Рас болса, түсініксіз шешім. Не себепті?! Британиямен елімізді салыстырып көрейінші дедім. Сонымен,
Британияда депутат жалақысы жылына 75 мың фунт.
Орташа жалақы жылына 27,200 фунт
75000:27200=2,75
Елімізде депутаттардың орташа жалақысы 500 мың теңге
Орташа жалақы 143 мың теңге
500000:143000=3,49
Яғни, халық табысына қарағанда біздің депутаттар Британия депутаттарынан көп алады. Ал енді 50% өсірсе, орташа жалақы 750 мың болмақ. Сонда қатынас 750000:143000=5,24 болады екен.
Алдымен орташа жалақыны өсіру жайлы неге ойланбаймыз?! Мендегі сұрақ осы.
Айтпақшы, Британияның ЖІӨ 2,861 трлн $ (2016) болса, біздің ЖІӨ 116,15 млрд $ (2015) екен. Айырмашылық айтпаса да түсінікті.
Руслан Желдібайдың фейсбук парақшасынан