Бүгін – ұлттық аза тұту күні. ХХ ғасырдың басында адам қолымен жасалған зұлмат аштықтан, репрессиядан, қуғын-сүргіннен тұтас бір ұлттың жойылып кету қаупі туды. Әртүрлі дерек көздері 1921-1922 жылдар мен 1932-1933 жылдардағы аштықта қазақ халқының тең жартысынан астамы қырылғандығын айтады. Украина бұл жаппай аштықты геноцидке теңеп, “Голодомор” деген тарихи терминмен атайды. ХХ ғасырдың басында қазақтың жалпы саны 6 миллионға жетті деп сүйінші сұраса ұлт қайраткерлері, айналасы 20 жылдың ішінде оның 4 миллионнан астамы қырылыпты.
Бүгін аштық, жаппай қуғын-сүргін, репрессия құрбандарын еске алып, аза тұту күні. Жазықсыз жапа шеккен, әлдебіреулердің амбициясына бола, секемшіл күдігі мен “ұлы” идеясына бола нақақтан нақақ қырылған адамзаттың обалы кімге? Кімге лағынет айтып, кімді жазғырамыз?! Кешегі күні бізге идеал болған қоғамның бүгінде бет пердесін ашып, терең қазған сайын оның адамзат тарихында, қала берді қазақ тарихында жасаған зұлдымдығын қалай да ақтап ала алмайды екенбіз… Бүгінгі ұрпақ өткеннің қатыгез тағдырынан сабақ алуы тиіс. Өткенді зердесіне жеткізбейінше, бүгінгінің бағасын бағамдай алмайды.
Сол мақсатпен 1932-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арнап арнайы ескерткіш-композиция бой көтерді. Ескерткіш – Қарасай батыр және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы “Қарағайлы” саясбағында орналасқан. Бұл жерді таңдап алудың да өзіндік тарихы себебі бар. Дәл осы мекен-жайда бұрынғы НКВД-ының ғимараты орналасқан. Қазақтың талай арыстарын әзірейілдей тергеп, сотсыз, атып тастаған да осы жер деп айтылады. Бұл түрмеде қазақ зиялыларының біразының тағдыры шешілген. Бүгін ұрпақ зердесіне осы бір қорқынышты ғимаратты мәңгі шегелеу мақсатында да бұл орынның тарихи маңызы зор.
Біз сол қуғын-сүргін көрген жандардың ұрпағымыз… Жазықсыздан-жазықсыз молда болғаны үшін атылып кеткен, арманда кеткен адамның немересіміз. Бүгін сол бабаларымыздың алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. Көзсіз идеологиялардың, жөнсіз көрсоқырлықтардың құрбаны болған – миллиондаған жазықсыз жандар, сіздерге мың тағзым!!! Әлемде енді ондай зұлымдық болмасын!
Парақшамызға жазылыңыз
Қазақ халқын жойып жіберу үшін әдейі аштық жасағандарға құдай зауал берсін, екі дүниеде сол аштан қырылғандардың аяғының астында азап көрсін!
Иа. Біздің халыққа əдейі жасалған қастандықтың қүрбандарын еске алу жүрекке ауыр салмақ. Алайда ұрпақтар одан сабақ алып, бүгінгі бейбіт өмірді бағалауға түрткі болсын.
Арманда кеткен боздақтардың алла ақіретін берсін.Галия Сагатова Иа. Біздің халыққа əдейі жасалған қастандықтың қүрбандарын еске алу жүрекке ауыр салмақ. Алайда ұрпақтар одан сабақ алып, бүгінгі бейбіт өмірді бағалауға түрткі болсын.
Арманда кеткен боздақтардың алла ақіретін берсін.
Менің ұлы атам және оның туған бауырлары.жазықсыз атылып біреуі ғана 1992 ж ақталған едіБобей Сапиулы Менің ұлы атам және оның туған бауырлары.жазықсыз атылып біреуі ғана 1992 ж ақталған еді
Құлыным сол игілікті істің басында жүр ,Алла ғұмыр берсін.
Есенгүл Кәпқызы! Сіздің қазақ елінің тарихына қосқан үлесіңізге,жасаған игі істеріңізге Рамазан айында Алланың нұры жаусын!Ия ХХ ғасыр-қазақ тарихындағы қасіретті ғасыр.Ата-бабалардың биік рухы алдында басымызды иеміз.Имандары жолдас болсын!
Еска сенің әр ісіңе разымын !игілікті істерің көп болсын!