///

Бес Тәңірдің басынан шашылған «Шұғыла»

2040 рет қаралды
2

1957 жыл. Алтай тауының арғы терістігін мекен еткен Бай Өлгей  қазақтарының рухани  өмірінде үлкен жаңалық болды. Сол кездің мақамымен айтар болсақ аймақтық атқару әкімшілігінің мәдениет бөлімі мен әдебиет әуесқойлары коллективінің әдеби журналы «Жаңа талап»  өмірге келді. Бұл шынында да «түрі ұлттық, мазмұны социалистік лениндік ұлт саясатының» жемісі еді. «Жаңа талап»  журналы жарық көрген күннен бастап халықтың саяси мәдени өмірінде зор міндеттерді атқарды. «Жаңа талап»  журналы арқылы байөлгейлік қазақ әдебиеті туып, қалыптасып, дамып, өнегелі өркен жайды. Көркем әдебиеттің серпінді дамуының нәтижесінде Баян Өлгей аймағында Моңғолия Жазушылар Одағының қазақ бөлімі ашылып, оншақты жылдың ішінде өз миссиясын абыроймен орындаған «Жаңа талап»  журналы 1970 жылы өзгертіліп, «Шұғыла» деген атпен жаңғырып шыға бастады.  Сөйтіп байөлгейлік ақын жазушылар жаңа талапкерлік деңгейден шар тарапқа өзінің нұрлы шұғылалы  сәулесін шашар жаңа өріске қадам басты. Оның таралымы бес мың данаға дейін жетіп, өркен жайды…

18198421_1791179177863201_8430185596588173877_n

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында елде демократиялық өзгерістер жүріліп,  нарықтық экономикаға бетбұрған шақта журналды орталықтан қаржыландыру тоқтатылып, Шұғыла журналының тұрақты шығуы қаржылық тапшылыққа байланысты аса қиын жағдайға душар болды. Сөйтсе де «Шұғыла» журналы көркем әдебиеттің шынайы демеуші, жанашырларының арқасында тыныс тірлігін тоқтатқан жоқ. Ал «Шұғыла» журналының бас редакторлығына ақын, тарихшы, іскер азамат, «Шұғыланың” шын жанашыры  Сұраған Рахметұлының келуімен «Шұғыла» журналы өзінің жаңа бет бейнесін тауып, бұл күнде беделді журналға айналып отыр. Соның нәтижесінде елімізде өтіп жатқан ЭКСПО аясында «Шұғыла» журналы Астанадағы халықаралық кітап көрмесіне қатысып, өзінің 60 жылдық мерей тойын атап өтіп жатыр.

%d1%88%d1%83%d0%b3%d1%8b%d0%bb%d0%b0-1

Көркем әдебиетке бауымызды ашқан, бауыр басқан  шұғылалы «Шұғылаға” 60 жылдық мерей тойың құтты болсын, Алтай тауының Бес Тәңірі басынан шашар шұғылаң шар тарапқа жетіп, туған елдің көркем әдебиетін, өнерін, мәдениетін байытуға қосар үлесің мол болсын, қажыр қайратың сарқылмасын дейміз.

 %d1%88%d1%83%d0%b3%d1%8b%d0%bb%d0%b0Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Шұғыла дегенде Кəкей Жанжүнұлы еске түседі. Өмірден ерте кеткен қаламгердің артында не қалды кімі б ар деген сұрақтар туады

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар