«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы 2017 жылы тамыздың 28-29 күндері Астана қаласында Еуразиялық Топтың (ERG) қолдауымен «Мультимедиалы редакция» атты семинар-тренинг өткізеді.
Семинар-тренингке Қазақстанның төрт өңірінен: Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстары мен Астана қаласынан 20 журналист шақырылып отыр. Cеминар-тренинг барысында журналистер «Мультимедиялы редакция» құрудың қыр-сырымен таныспақ. Семинар-тренинг бағдарламасы негізгі 4 модульден тұрады. Онда ақпаратты визуализациялау, ақпараттың шынайылығын тексеру, аудио-видео контент жасау және инфографика жасау тәсілдері секілді жаңа медиа технологияларын игеретін болады.
Семинар-тренингтен кейін қатысушылар ЭКСПО павильондарына саяхат жасап, өз әсерлерімен бөліспек.
Парақшамызға жазылыңыз