“Ақыл-парасатымыздың, жалпы интеллектуалды дүниеге көзқарасымыздың қандай деңгейде екенін біз «Парасат майданы» бағдарламасының эфирлік кестеге қойылған уақытының өзінен-ақ (23.45, кейде 00.20, қайсыбір күндері тіпті 01.15!) аңғара аламыз. Жұрт жұмыстан келіп, ел орынға отырған шақтағы ең көрілімді уақыт (19.00-ден 23.00-ге дейін) негізінен кешкі ақпаратқа, киноға, сериалға тиесілі. Өйткені, бұлар – рейтинг беретін негізгі көрсетілімдер саналады. Тіпті «Түнгі студияның» өзі эфирге «Парасат майданынан» бұрын шығады (демек, Дархан Әбдіктің бағдарламасы «түннен кейінгі студия» болғаны ғой?). Бұл жайт Нұрлан Қоянбаевтың “рейтингі жоғарырақ” екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге арна басшыларының ұстанымы мен қай бағытқа басымдық беретінінен де хабардар етеді. Бәлкім, біздің көрерменнің деңгейінің сол ақпарат, сериал, «Түнгі студия» төңірегінен ұзап шықпайтынын да меңзеуі мүмкін.
Бұл – бүгінгі «рейтингшіл» уақыттың айықпас дерті. Әйтпесе руханиятқа қатысты дүниені, адамның сана-сезіміне әсер етер ақпараттық-мәдени ықпалды сандық мөлшермен, құрғақ рейтингпен есептеу қаншалықты дұрыс, қаншалықты әділ? Егер тек қана сол өлшемге сүйенетін болсақ, онда әләуләй эстрада мен талғамсыз тамаданың тантымасы тәрізді арзан әзіл-әжуаны әспеттеп, театр мен дәстүрлі ән-жырды, опера мен балетті біржола ысырып қою керек шығар? Нағыз мәдениет пен өнердің құны, ұлттық рухани құндылықтардың шынайы бағасы қашаннан бері рейтинг арқылы анықталып еді?”
“Түннен кейінгі студия”

Соңғы жазбалар
Фото: Дженнифер Лопес жеке парақшасынан Үкіметтің кезекті отырысында оқиғаларға қатысты туризмді дамытудан күтілетін экономикалық нәтиже ұсынылды. «Астана
Фото: istockphoto.com «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта
Алматы қаласы Шаңырақ шағынауданында орналасқан 2 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 1 адам қаза болды.
Осыдан бес жыл бұрын тіл жанашыры, кәсіби аудармашы, редактор әрі медиа маманы Назгүл Қожабек «Калькасыз қазақ
Фото: pixabay.com Депутат Еділ Жаңбыршин жануарлар туралы заңға иесіз иттерді ұйықтату керек деп енгізуді ұсынып отыр.
Жәнібек Әлімханұлының елімізде өткізген жекпе-жегін дүйім жұрт күтті. IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын
Астананы ғана емес, барша қазақ даласын дүбірге бөлеген бокс кешінде IBF Intercontinental тұжырымындағы екінші орта салмақта
Кез келген бокс кешінің көркін аса ауыр салмақтағы жауынгнрлердің жекпе-жегі кіргізеді. Жәнібек пен Анауэль арасындағы өтетін
Кәсіпқой бокста 23 кездесу өткізіп, оның 17-сін нокаутпен аяқтаған Батыр Жүкембаев “Барыс Аренада” ұйымдастырылған тарихи бокс
Бірден екі тұжырымдағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынған Астанадағы тарихи бокс кешінің тағы бір дебютанты Махмұд