//

Мұқағали – мұңды өлең

1599 рет қаралды

9 ақпан  – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні.

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрындағы мұзбалақ ақын – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақын тағдыры мен шығармашылығына арналған драмалық қойылымдар өз көрермендерін қуантып келеді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған күнді «Мұқағалимен сырласу» атты театрландырылған поэтикалық композициясы жаңартпақ.

Аталған кеш ертең, 9 ақпан күні театрдың үлкен залында сағ.18.30 да басталады.

Осы кештің қарсаңында БАҚ менеджері, ақын Ержан Тоқтардың«Мұқағали – мұңды өлең» поэзиясын назарларыңызға ұсынамыз!

Саржайлаудың шырқап есіп самалы.

Сағыныштан кезіп қырқа даланы.

Өзіңді аңсап аспан асты,жер үсті,

Мұңданудан жасығандай жанары.

Қара өлең жүр жерге тимей табаны.

Жағалаудың болғанымен ажары.

Тарқағандай бозқараған базары.

Іркес тіркес ағынымен алысып,

Толқынымен толқып ұрып жағаны.

Қарасу да іздеп сені ағады.

Көк аспанға аялатып анасын.

Қара өлеңге шекпен жапқан дарасың.

Асқар таулар орын беріп ығысып,

Табиғатпен тауып ұқсас жарасым.

Тау тұлғаңмен тасқа айналып барасың.

Жаратушым жырларыңды балдырған.

Бұл жалғанның еншісіне қалдырған.

Туған жердің тасы гүлдеп кеудеңде,

Тасты да естен қара өлеңің тандырған.

Тастан содан мүсініңді салдырған.

Басыңды иіп бар қазақтың қартына.

Жырлап өттің қарапайым қалпыңда.

Хантәңірдің қыранысың мұзбалақ,

Бар қазақтың ұланысың нар тұлға.

Мәңгі өлмейтін өлең қалды артыңда.

Жүректердің мұңмен емдеп жарасын.

Ғасырлардан ойып орын аласың.

Аспантаулар шыңдарынан жаңғырып,

Жер мен көктің желпіндіріп арасын.

Мұқағали мұңды өлең боп қаласың.

                                                 Баспасөз қызметі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар