Алматыдағы “Салтанат” қонақ үйінде Сорос Қазақстан қоры мен “Zertteu Research Institute” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «OPEN BUDGET FELLOWSHIP-2018» оқу бағдарламасының алғашқы сессиясы басталды. Жобаға республиканың әр түкпірінен тапсырыс берген 39 үміткерден 16 қатысушы іріктелген болатын. Олардың арасында экономист, әлеуметтанушы, ЖОО ұстаздары, баспасөз және телевизия журналистері, қоғамдық ұйым өкілдері сондай-ақ жоба менеджерлері келді.
«OPEN BUDGET FELLOWSHIP-2018» жобасы биыл екінші рет өткізіліп отыр. Дегенмен, қазақ тобы тек биыл ашылды. Бұл топтағы қатысушылар қалтасындағы қарапайым қаржысын жоспарлаудан бастап, отбасы бюджетін реттеу, салық төлемдерін туралау, мемлекеттік бюджеттің мәнін меңгеру, табысын түсініп, шығынын есептеу, сонымен қатар, қоғамдық қатысудың қажеттілігін түйсінуге дейінгі тақырыптарды оқып үйренбек.
Семинар-тренингтер сериясынан тұратын бұл шараның алғашқы сессиясында “бюджеттің ашықтығы”, “мемлекеттік бюжеттің құрылымы қандай?”, “Ашыықтық не үшін қажет?” деген тақырыптар талқылнбақ. Алғашқы күні “Ашықтық, Есептілік және Қоғамдық қатысу”, “экономика, мемлекеттік бюджетғ есептілік және адам құқығы арасындағы өзара байланыс”, “ҚР-дағы бюджет жүйесі” тақырыптары талқыланып, “Public Policy Analysis” зерттеулерінің қалай жасалынатындығы жайында дәрістер оқылды. Тренерлер Шолпан Айтенова мен Серік Бейсембаев.
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз