Осы және осы қатарлы фотолар бүгін әлеуметтік ғаламторлық желілерде қаптап жүр. Бұл осы айдың он сегізі күні Ресейде өткен президенттік сайлау қарсаңында Алматы қаласындағы Ресей консулында сайлауға дауыс беру үшін кезекте тұрған азаматтар. Яғни Ресей азаматтары. Қандай бір елде жүргізілген сайлау мен референдумдарға тек сол елдің азаматары ғана қатыса алатыны белгілі. Мына шұбырындыға қарағанда Ресей азаматтарының Алматы қаласындағы шоғыры тым аз емес екен. Сонда бұлардың жалпы еліміздегі саны қанша? Соның ішінде қаншасы Алматы, Астана сияқты мега полистерде тұрады? Олар негізінен қандай іспен шұғылданады? Көше сыпырып немесе құрылыстарда жүрген ресейліктер некен саяқ. Осының көбі қос азаматтық алып алғандар емес пе? Осыған жауап беретін жан әлде құзырлы мемлекеттік орган, я болмаса мекеме бар ма?
Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН БАСҚАРМАСЫ басшысынан сұрау керек.
Қазақстанда 15 000 мың Ресей азаматы бар деді “Хабар 24”