//

“Тар заман” көрерменге жол тартты

1800 рет қаралды

 Алматыда Алаш арыстарының тар жол, тайғақ кешуі жайында түсірілген «Тар заман» туындысының тұсаукесері өтті. “Есентай молл” сада үйінің шағын кино залында телехикаяның таныстырылымын көруге келген көрермен залға лық толды. Сыртта сыймағандарының өзі бір өауым ел болғандықтан, Қазақстан телерадиокорпорациясының президенті Ерлан Қарин мырза, телехикаяның 40 минуттық бір сериясын көргеннен кейін, келесі топтың көруіне мүмкіндік тудыратынын айтты. 

Алматы көрермендері үшін, телехикаяның 4-ші сериясы ұсынылды.  Аласапыран заман, қызыл мен ақтың текетіресі. “Алашорда” көсемдерінің ұлт болашағы үшінгі күресі – бір хикаяда толық картина ұсынылмаса да, фильмнің толық идеясынан хабар бергендей. ХХ ғасыр басындағы “Қилы заман”, қиын күндер күні бүгінге дейін көркем кино  туындыға  айналмаған екен. Ерлан Қариннің айтуынша, бұған дейінгі “Қилы заман”, “Мұстафа Шоқай” көркемфильмдері осы тақырыптағы алғашқы қадам болғанымен, тұтастай “Алаш” идеясына арналмаған.

“Жалпы, “Алаш” тақырыбы – екінің бірі қалам тарта бермейтін қиын да күрделі тақырып. Оның үстіне, “Алаш” тағдыры да аса қасіретті тағдыр. Сол себепті де, бұл тақырыпт жүрексінбей қолға алудың өзі біраз батылдықты талап етеді”, – деді Ерлан Қарин таныстырылым барысында.

Режиссер көрнекті Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай мен Жүсіпбек Аймауытовты сомдаған актерлерді еліміздің әр өңірінен тапқан. Кастинг кезінде зиялылардың портреттік ұқсастығына аса мән берілген. Түсірілім Қазақстанның бес қаласында өтіпті. «Рулық қоғамнан мемлекеттік қоғам құру талпынысы. Ең басты мақсат сол. Өйткені, сол кезде қазақ зиялысының пайда болуы, олардың алға қойған мақсаты, сол мақсатқа жету үшін қандай іс-әрекеттерге  барды? Сол мақсаттарына жете алды ма? Жете алмады ма? Тарихи тұлғалардың өздерінің  шамамен  100-ден астам персонаж болды. Қойылымда 200-ден аса образ болды», – деді «Тар заман» фильмінің режиссері Мұрат Бидосов.

Телхикая 12 сериядан тұрады. Фильмнің толық нұсқасы Наурыздың 26-сынан “Қазақстан” ұлттық телеарнасынан көрсетіле бастайды.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар