Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы сөз бостандығы деңгейіне 10-балдық шкала бойынша баға берді, – деп хабарлайды “Ұлт ақпарат”.
“Қазақстанда сөз бостандығы қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл бағытта қолдан келгенін аянып қалып жатқанымыз жоқ… Өз түсінігімдегі сөз бостандығы индексіне 10 балдық шкала бойынша 7-8 балл беремін. Қазақстанның баспасөзі азат, еркін деп ойлаймын”, — деді Абаев үкімет отырысынан кейін журналистерге берген жауабында.
Ол журналистердің кез келген сұрақты қоя алатынына және ол үшін ешкім де “жұдырық ала жүгірмейтінін” айта кетті.
Министр халықаралық рейтингтер көрсеткіші басқа екенін, алайда оған әсер етуші факторлардың бар екенін түсіндірді.
“Өкінішке қарай, сауалнама әдісі сарапшылар бағасына қарағанда субъективті пікірге ие”, — деді Абаев.
Парақшамызға жазылыңыз