Алматыда ҚР Тұңғыш Президент күніне орай боулингтен арнайы қазақ журналистері арасында дәстүрлі жарыс өтті. Жарысқа «Bugin Holding компаниясы мен Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы және «ИнтеллектУМ» компаниясы демеушілік жасады. Ал шараны «Қазақ журналистер чаты» ұйымдастырды.
Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға 60-қа жуық журналист қатысты. Күнделікті ақпарат майданында жүретін журналистер қауымы бүгін бір серпіліп қалғандай. Еркін форматта өткен шарада олар боулинг ойыны арқылы өздерінің көз мергені де бола алатындығын көрсетті.
Байқау соңында жеңімаз журналисттердің есімі белгілі болды. Сонымен, бірінші орын — Жарас Ниязбек (31 арна), екінші орын — Ернар (Массагет), үшінші орын — Аслан Қажиев (Массагет) ие болды. Оларға ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетті.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
(суреттерді түсірген автор)
Парақшамызға жазылыңыз