//

Шынжаңда (Қытайда) 13 қазақ азаматы сотталды

1159 рет қаралды

Өткен аптаның соңында Қытайдың Шынжаң провинциясындағы Шіңгіл аудандық Халық соты Қытай қазақтарынан шыққан кәсіпкер, меценат Мамырбек Көпжасарұлы бастаған 13 қазақ азаматын 1 жыл 6 айдан  20 жылға дейін қамақ жазасына кесті.  Сот үкімінде Мамырбекке ұйымдасқан қылмыстық топ құру, қастандық ұйымдастыру, заңсыз казино қылмысы, қару-жарақ пайдалану қылмысын бұзу, оқ-дәрілер мен қару-жарақты сақтау, басқа айыпталушылармен бірлесіп, «№147» алтын кеніне шабуыл жасау, жұмысшыларды ұрып соғу, мемлекеттік мүллікке зиян келтіру, т.б. толып жатқан айыптарды артқан.

Сот тарабы олардың қылмысы мемлекет заңын елемеу және қоғам амандығы мен тыныштығына ауыр нұқсан келтіру деп қарап, айыпталушы 13 азаматты жеке-жеке 1 жыл 6 айдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырған. Шынжаң жеріндегі бұл сот ісі туралы түрлі пікірлер қазір қазақ тілді әлеуметтік желіде тарап жүр. Қытай үкіметі Шынжаңда экстремизм мен терроризмге қарсы күреспен қатар, «Қоғамдағы зұлым күштерге қарсы күрес» науқанын да бастағаны белгілі. Кезекті сот ісі де сол күрес науқанының аясында болғаны анық. Қытай билігі 2017 жылдан басталған “Үйрену лагерлеріне” жасырын топтап тоғытудан тыс алғаш рет ашық сот өткізіп этникалық қазақтарды топтық соттап отыр.

дерек көзі: “The Qazaq Times”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар