////

Бизнес журналистика не үшін маңызды?

4756 рет қаралды

Қазақстанның батыс қақпасы Орал қаласында “Бизнес журналистикадағы жаңа тенденциялар мен мүмкіндіктер” тақырыбында шеберлік сағаты өтіп жатыр. Шараға Батыс Қазақстан облысының 20 журналисі қатысуда. Шара АҚШ елшілігінің қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Шараның басты мақсаты осы шара аясында жазылатын “Іскерлік журналистика: журналистің көмекші құралы” оқу құралының бағыт-бағдарын айқындау, өңірдегі журналистердің бизнес, қаржы саласындағы блім деңгейін бағамдау. Батыс Қазақстанның 12 ауданы және қаланың өзінен қатысып жатқан 20 журналист таңертеңнен бері қаржы және бизнес, банк ісіне қатысты ұғымдар, түсініктер мен терминдермен танысып, қаржы туралы біліктілігін арттырды.

Шара кредит, банк жүйесі және Қазақстан экономикасы жайлы викторинадан басталып, тренерлердің қаржы саласында жасап жүрген зерттеулері және тәжірибелерін бөлісумен жалғасты.

Түстен кейін қатысушылар ашық деректер жүйесіндегі бюджет тақырыбын сарапқа салуды  және жаңа медиа технологияларын пайдалана отырып, мультимедиалық өнімдер дайындауға машықтанды.

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар