///

РАУШАН КӨРКІ

1491 рет қаралды

…Ғаламдағы ең көркем жерұйықта ең көрікті (сұлу) тұрғындар өмір сүреді – міс… Рас па!? Соны ертек пен аңыздан көп еститін едік баяғыда. Жігіт – желең, қыз-қырқын айнаға қарап ажарларын бажайлайтын-ды.
Сегіз серінің
“… Ажарың ашық екен, атқан таңдай…” де-е-еп келетін мұнтаз әуені. Қайдан не көрсең сондай хан мен қараның аймаңдай сұлу қызына арнау болатұғын бәйіт!
Тіпті сәл ары қарайғы дәуірдегі
қара өлеңде де тұнып тұрған сұлулық жыры бұла сұрапыл. Сөзбен сызған еңлік сыңар, елік бейне. Ерлердің жекпе – жегі һәм қыз үшін жан қиюы тсс… Қарашаштан Қамқаға дейінгі құштарлық,ғашықтық “іңкәр дерт”! Қара өлеңдегі Ақбикеш озаны! Тіпті таптық сарындағы – “Қаралы сұлу”, ұлттың қаны үшін Шәкәрім данам аһ-ы-лап қана қайырған – “Қалқаман Мамыр” қасіретін айт. Шырғалаңды ғасырдағы Шыңғыстың шешесі Уәлидің ханшайымы Айғаным мен Әбілқайыр ханның ханшасы батыр Бопайшалардың пері тегі бір басқа.
Абай атамнан іздесең: “… Білектей арқасында өрген бұрым…” әйтеуір кө-ө-өп. Қызыл СССР сый еткен “….Қырманға кел қалқатайдың” өзі қандай (ятол!) еді!?
Оу, дүние, десең – “Сыр сұлуы” аккордын үнмен сызған, сұлулықты жырлаған ұлт дүниеәлемде көп болмауы мүмкін? Қайран Шәмші “Аққу,қаздар тойлаған,айдын шалқар көл сұлу…” “…Бәрінен де сен сұлу!” деп өзін ұнатса: мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ енді ғана ептеп қазақ нәсілін зерттей бастаған.
Әнеубір жолы моңғолдар мен қазақтың қаны мен ген туыстығы туралы ДНК таңғажайып таным белгілеген.
Кешелі бері сол АҚШ-тың Ұлттық Жағарафиялық тобының сарапшылары осы жержүзіндегі ең арда көрікті ұлтты ұлықтауға жұмылған. Бұған әлемдегі 3500 ұлттың өкілдері қатыстырылып, арнайы тестлік тәсілдермен іріктеліп, сұрыпталған. Байқауға қамтылғандар әуелі өзінің қай елден, қай ұлттан екені мұқият құпия жасырылып, тек фотосүгіреті ғана жолданған. Бейнеуи кеспіріне қарап ең көрікті деп іріктелгендер саны 200 шамасында ғана. Зерткерлер таңдаған сүгіреттерінің көшбасында Қазақ Елінің Алматы, Астана қалаларының өңшең тұнба тұрғындары тұр. Көрікті деп ең көп ұпай жинаған қазақ ұлтының ұл,қыздары! Әһ-әл ендеше! Артқы есіктен еніп келмегені аян…
Жалпы коэффиценттік салмағы 4.67 деңгейінде. Қазақтан кейінгі реттерде Бразилия, Куба, Италия, Испания ұлт өкілдері тізілген. Қош!
Киджап пен кимешек, шылауыштың арасындағы бос қуыстан бағзы қассақтық бейне осылай айдай әлемге шыға келді.Лағыл санадағы жұмақ раушан көркі.Түземдік көшпелі оқшаулық. Жылқы жалындағы жалқылық, ботаның көзіндегі мөлдір жұмбақ әлем!
&
Омырау мен ышқырдың ісін батысша бақылап жүргендер осыдан соң сәл үнсізденеріне сенейік!?
&
Көзінде күн нұры,кірпігінде шыр- мұңы, көмейінде бұлбұлы,көкірегінде күмбірі,жүрегіне даласы,жатырына жан данасы бар қазақ аруы ғасырдан ғасырға осылай жеткен.
Қырпусыз қос жанардан жаралған,қос анардан нәр тұтқан уыз уақытпыз…

Шегінуге бола ма,сәл!?

…Мінеки көшпелі жұртқа бағзы ежелгі Ергенекөңнен өскен қият Бөртешінің жұбы Құба Марал ҮІІІ ғасырдың айнасы екен, ХХ ғ. Әлуан Құба ханымды сыйлады. Қоңыраттың Өэлүн ханымы (1143 ж.т.) қият Есүкейдің зады. Темүжіннің шешесі. Қоңыраттың Басқауылы тобынан тарайтын Дөй шешеннің қызы Бөрте ханым. Ұлы Шығыс қағанның жұбы. Шошы, Шағатай, Үгедей, Толыайдың анасы…
Ол – мәңгілік рухтар! Тірі.
Ұлы дала, өркениеті азиядағы Алтай шыңынан асылып ойға қарай осылып, қос бұрымдай жоси жамыраған шолпанның шомылындай тегіл!

Сұраған Рахметұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар