///

Байтақ елдің Балпық биі

1961 рет қаралды

Балпық би (1694 —1784 жж.) 17 ғасырда дүниеге келіп, ел басына күн туған заманда еліне қорған болған тарихи тұлға. Ол  ел бастаған көсем ғана емес, сөз бастаған шешен, әрі би, әрі қолбасшы батырЕскелді биҚабылиса (Қабан) ақынмен бірге көзі тірісінде аты әйгіленген – әулие. 1694 жылы дүниеге келіп, ҚараталКөксу бойында 1784 жылы қайтыс болса керек.

Бұл күнде Алматы облысының бір ауданының орталығы Балпық би аталады.

Айтулы бидің 325 жылдығы биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше аталып өтуде. Соның бір қыры Алматы облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, Қазақстан Жазушылар Одағының Алматы облыстық бөлімшесі, «Үш Бәйтерек» қоғамдық қоры және Текелі қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен Балпық бидің еліне жасаған ерлік істерін, артына қалдырған бай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында Республикалық «Байтақ елдің Балпық биі» атты мүшайра жариялануы еді.

Қазан айының 17 күні сол мүшайра өзінің ақтық мәреге жетіп, оның қортындысы Текелі қаласында жоғары дәрежеде өтті.  Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей Алтынды Алтайдың, жер шоқтығы Көкшетаудың, киелі мекен Түркістанның, жер жанаты Жетісудың топ жарып алға шыққан ақындарын Текелі қаласының әкім Бахтияр Алтайұлы Өнербаев мырза өзі басы қасында болып екі күн бойы Текелі қаласы мен осы өлкенің көрікті де тарихи орындарымен таныстырып үлкен құрмет көрсетті. Ісінен іскерлігі көрініп тұрған Бахтияр Алтайұлының жылы жүзді, еменжарқын әңгімесінен оның ұлттық рухы биік, білімі терең, білікті басшы екенін байқадық.  Қаланы көркейту жөнінде істеген әрі атқарып жатқан істері де айтарлықтай екен.  Ал алға қойған мақсаттары да нақты, биік. «Мынау,- дейді әкім,- тау бөктеріндегі жоғары биікте тұрып Текелі қаласын түгелімен шола қарап,- қос өзеннің құйғаны. Анау Қора мен Шажы осы жерден қосылады. Қараңыздаршы,  солай емес пе? Қос өзеннің сағасы екі тараптан емірене келіп қосылған қос ғашықтың қол ұстасып бірігіп бір өмірге қадам басқанындай. Мәңгі бірігіп бір өзенге айналып, Қараталдай дарияға ұласып, Балқаштай ұлы айдынға құйып жатса құт емес пе? Сондай тілекпен тап осы араға «Махаббат көпірін» салсақ дейміз. Мынау алуан түске боялған табиғаттың өзі де сұранып тұрғандай,- деген  ізгі тілегіне дән риза болдық. Кейінгі жас ұрпақтың, келешек жас отаудың болашағын ойлаған әкімнің асыл арманы орындалатынына шүбә болмас. Сөз арасында Бахтияр Алтайұлы әлемдегі ең ұзын, 36 шақырым көше Текелі қаласының Д.А.Қонаев атындағы көше екенін мақтанышпен айта келіп, ілгеріде қаланы «Қонаев» деп атасақ деген тілек-ниеттері бар екенін де жеткізді.

Негізгі шара қаланың мәдениет сарайында өтті. Ақындар ақтық сайыста Балпық биге арналған жырлары мен еркін тақырыпқа жазған өлеңдерін зал толы көрермендер  алдында оқып, Текелі қаласының жыр сүйер жұртының көңіл қошына бөленді.  

Халықарлық «Алаш» сыйлығының иегері, көрнекті қаламгер, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар Одағының Алматы облыстық филалының басшысы, «Жеті су» газетінің бас редакторы Әміре Әрін бастаған қазылар тарапынан өлеңдердің әділ бағасы беріліп, ақындар жүлделі орындарына сай сый-сияпаттарымен марапатталды.

Б.Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар