Сорос Қазақстан қоры дәстүрлі Анна Александрова атындағы байқауын жариялайды. Биылғы байқау азаматтық қоғамның COVID-19 эпидемиясының таралуына қарсы күрес жолындағы күшін қолдауға және аталмыш індеттің елімізде әлеуметтік осал топтарға қатысты жағымсыз салдарын төмендетуге арналады.
Байқаудың негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар, инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, мигранттар және т.б. тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.
Міндеті: Әлеуметтік осал топтардың әлеуетті шешуге болатын және нақты мәселелерін анықтау; анықталған мәселелерді шешуде жоспар құру; әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамды тарту; әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамның қатысуын ұлғайту.
Байқауға жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар қатыса алады. Негізгі басым бағыттары:
- Әлеуметтік осал топтарға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған жобалар
- Адвокациялық жобалар
- Ақпараттық жобалар
Гранттық байқау екі кезеңнен тұрады (іріктеу және қорытынды). Байқауға қатысу үшін үміткерлер өзі туралы ақпаратты және Сорос Қазақстан қоры сайтындағы арнайы сұранымды толтыруы тиіс:
Байқауға өтініш тапсырудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 20 сәуір.
Жобаның орындалу мерзімі – 1 айдан 6 айға дейін.
Жоба туралы толық ақпаратпен www.soros.kz сайтында танысуға болады.
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз