//

Мультимедиалық өнім мен дұрыс жазу дағдысы үшін журналиске қажет құралдар

4551 рет қаралды
1

 Медианың барлық саласында журналист үшін аса маңызды дүние – сауатты жазу. Грамматика, сөйлем құрылысы, жазу стиліне қатысты қиналып жүрсеңіз, жазуды енді бастаған болсаңыз, төмендегі қосымшалар сізге үлкен пайдасын тигізеді деп сенемін.

Дұрыс мәтін құрастыру үшін қажет мобильді қосымшалар:

  1. SpellNote;
  2. Проверка орфографии;
  3. Антиплагиат;
  4. Главред;
  5. Google Keep;
  6. Writer.

Бұл мобильді қосымшалар арқылы мәтінді нақтылау, тексеру, іріктеу секілді бірнеше қызмет түрін пайдалана аласыз. Сонымен қатар, күнделікті қажетті ақпараттарды сақтап, кез-келген уақытта өзгерту еңгізуге болады.

Мультимедиалық өнім жасауға қажетті құралдар:

Қазір мультимедиалық өнім ұсыну – аса маңызды. Жазу, фото, видео, инфографика, карта, аудио мәтін барлығы сапалы контент болуы үшін сізге қажет болар құралдарды ұсынамын.

Эскиз және макет

Мультимедиалық өнім ұсынбас бұрын, барлық ақпаратыңызды жинақтап, не ұсынатыныңызды жоспарлағаныңыз дұрыс. Бұл сіздің өніміңізге сапа беріп, оқырманыңызды қызықтыра түседі. Барлығын жоспарлап болсаңыз, эскизін дайындауға кірісіңіз. Эскиз үшін сізге көмекке келер платформалар:

  • Mobirise
  • Adobe Muse бағдарламалары
  • Tilda
  • Adobe Spark онлайн платформалары

Сонымен қатар,

  • Medium
  • Яндекс.Дзен
  • Telegra.ph қосымшаларын да қолдануға болады.

Егер, сіздің CMS WordPress-те жеке сайтыңыз болса, “Newspaper 9” таптырмас мүмкіндік бола алады.

Аудио

Тыңдарманға ерекше атмосфера сыйлайтын – аудио мәтін екенін ұмытпаңыз. Олай болса, мультимедиалық өнімге аудио мәтінді қосу, аудиожолақ жасау сынды қызметтерді орындау үшін төмендегі платформаларды қолдана аласыз:

  • SoundCloud
  • SoundCite

Сурет және инфографика

Ұсынатын мақалаңыздағы сурет пен инфографика интерактивті, креативті болғанын қаласаңыз, мына плафтормаларды пайдаланып көруге кеңес беремін:

  • ThingLink.com
  • Juxtapose
  • Infogram.com
  • Easel.ly
  • Piktochart.com

Бұл платформалар арқылы оқырманыңызға суреттерді салыстыруға, қосымша ақпарат оқуға, түсінікті, жүйелі қабылдауға мүмкіндік бересіз.

Шежіре және карта

Кейбір жағдайларда барлық материалдарды интерактивті шежіре (хроника) форматында құрастыруға болады.

“Timeline JS” қызметі мәтіндерді, фотоларды және бейнелерді ғаламтордан жүктеп, орналастырып шежіре жасайды. Бұл функция материалыңызды толық жинауға да көмектесе алады.

Осыған ұқсас қызмет “StoryMap JS”. Бұл жерде сіз өз оқиғаңызды интерактивті карта түрінде жинай аласыз.

Сонымен қатар, интерактивті картаны “Google My Maps“- та да жасауға болады. Мұнда қозғалыс бағытын, қажетті аймақтарды көрсете аласыз.

Ұсынылған барлық құралдарды мүмкіндігіңізге қарай қолдана аласыз. Алайда, бұл құралдар шектен тыс қолданылса, оқырманыңыздың қабылдауына ауыр болуы мүмкін. Осыны да ескеріңіз.

Жадыра Жанарбек

Ақбота Тілеужан

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Өздеріңіз осы сервистер арқылы жасаған бір-екі материалдарыңызды көрсетіңіздерші

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар