“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары, Бутаковка аумағы “КУЛТАУ И К” ЖШС 49 жылға жекеменшікке жалға берілген.
Бұл туралы “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің” сайтында:
- “Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР ЭГжТРМ “Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ 2020 жылдың 13 наурызында өзара байланысты туристік объектілер кешенін ұсынатын № 1 лот бойынша экологиялық туризмді дамыту мақсатында туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге тендер өткізді.
Тендер комиссиясының шешімі бойынша №1 лоттың жеңімпазы болып жалғыз қатысушы «КУЛТАУ и К» ЖШС жарияланды” делінген.
«КУЛТАУ и К» ЖШС қарамағында 5 адамға дейін жұмыс істейді. 2004 жылы тіркелген шағын ұйым. Ұйым басшысы – Гужавин Александр Олегович. Александр Гужавин- көтерме саудамен айналысатын “АС-АЛТЫН” ЖШС-ның да басшысы.
«КУЛТАУ и К» ЖШС 49 жылға жалға алған ұлттық парк телімдерінде экотуризмді дамытпақ көрінеді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ұлттық парктің әдемі жерлеріне туристік кешендер, бақылау алаңдары, лагерьлер мен көпірлер салу жоспарланған.
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз