//

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі журналистерді вебинарға шақырады

1578 рет қаралды

Авторы: minber.kz

“Пандемия және журналистика: медицина туралы шынайы әрі қызықты жазу. Медициналық журналистің кеңестері”

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және Халықаралық Журналистер Орталығы (ICFJ) пандемия тақырыбы төңірегінде мәселелерді қозғайтын қазақстандық журналистер үшін маусым айында қатарынан үш вебинар өткізетіні туралы хабарлайды. 
Дэвид Туллер, 20 жылдан астам тәжірибесі бар медицина журналистикасының ардагері, Берклидегі, Калифорния университетінің Ғаламдық қоғамдық денсаулық сақтау орталығындағы қоғамдық денсаулық сақтау және журналистика бойынша аға ғылыми қызметкер мына тақырыптар бойынша вебинарлар өткізеді: денсаулық және медицина туралы ақпаратты жеткізу мен мәліметтерді жариялаудың дұрысы мен бұрысы, COVID-19 бойынша ақпарат жазудағы кеңестер, төтенше жағдай кезіндегі жаңалықтар берудің жолдары, сонымен қатар, кішігірім топқа қосылып, өз жұмыстарыңыздың үлгілерін талқылап, тереңірек тоқталып, кеңес алуға арналған оқытушы мен қатысушы арасындағы сессия. Вебинарға кем дегенде бір жыл репортаж жасау тәжірибесі бар қазақстандық журналистер қатыса алады. Қатысу үшін мына өтінімді толтырыңыз: https://www.tfaforms.com/4828529

17 маусым (жалпыға бірдей вебинар)
19 маусым (жалпыға бірдей вебинар)
22 маусым (топқа бөлініп өтетін вебинар)
24 маусым (топқа бөлініп өтетін вебинар)
26 маусым (топқа бөлініп өтетін вебинар)

Шақыру тіркелгеннен кейін сіздің электрондық поштаңызға келеді

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар