Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.
Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және коммуникация» батырмасын таңдаңыз. Ол жерден «Автомобиль көлігі» бөліміне өтіп, «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін басасыз. Сосын «қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына барыңыз. Барлық сауалды толтырып, фотоңыз бен қолыңызды қою үлгісін жүктеңіз. Электронды цифрлы қолтаңба арқылы 1,25 АЕК көлемінде ақы төлейсіз.
Сіздің «аты-жөніңіз» ауысқан жағдайда оны дәлелдейтін құжатты жүктеу қажет. Егер, құжаттың уақыты аяқталып жатса, 083-У медицина анықтамасын қыстырыңыз. Ал жоғалтып алсаңыз, аудандық полиция басқармасынан анықтама әкелуге тиіссіз. Бар құжат тіркелгеннен кейін жүргізуші куәлігі дайындалуда деген мәлімдеме келеді. Қызметтің бұл түрі жеке тұлғаларға арналған.
Мінбер-ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз