Осыдан 9 жыл бұрын жарияланған мақала мамырдың 14-і күні Шымкент қаласының Абай аудандық сотында сот талқылауының тақырыбына айналды.
Жауапкер желілік «titus.kz» интернет басылымы. Талапкер Мехти Мамедов. Оның пікірінше, басылым 2011 жылы оның атын заңсыз қолданған. Мамедов мақала жарияланған 9 жыл ішінде материалдың астына жазылған пікірлерге ренжулі.
Өткен жылы М. Мамедов «titus.kz» бас редакторы Антон Даниловқа мақаланы және жазылған пікірлерді жоюды сұрайды. А.Данилов оның өтінішін тақырып ескі әрі өзекті емес болғандықтанорындайды. Бірақ…
Мамедов тағы өзі туралы материалдар бар 11 ресейлік сайтқа талап қойып отыр. Ал «titus.kz» жауапкерлердің қатарында болуы талапкердің тұрғылықты жері бойынша арыз ұсына алуы деп болжау керек. Анда-мұнда сабылып шығынданудың қажеті жоқ.
Мамырдың 14-і күні мәжілісте сот талапкерге тәуелсіз тіл маманы қорытындысының іс материалдарымен танысуға рұқсат беруден бас тартты және өз бастамасы бойынша психологиялық және лингвистикалық сараптамаға тапсырды. Оны Шымкент қаласының сот-медициналық сараптама орталығы өткізеді.
А.Даниловқа заң көмегін «Әділ сөз» қорының заңгері Тамара Симахина көрсетеді. Сот отырысы бейнеконференция түрінде өтті. Болашақта сот осы дау-дамайды жариялағысы келетін журналистерге сот процесінің интернет-трансляцияны жариялылық қағидатына сәйкес жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады деп үміттенеміз.
Парақшамызға жазылыңыз