Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініш қабылдау аяқталды. 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны 131 000-нан көп, оның ішінде биыл мектеп бітіргендер – 111 000-нан астам. 90 000-нан астам адам – онлайн, 21 000-нан астамы – қашықтан өтініш берді.
Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады. Егер тестілеуге кіретін үміткерден тиым салынған заттар табылса, ол ҰБТ ға кірмейді және акт толтырылып, ғимараттан шығарылады.
Және ол үміткердің бір жыл бойы тест тапсыруына тиым салынады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидасына сәйкес тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланған жағдайда, тестілеу және конкурс нәтижелері (ҰБТ балдары) жойылады.
Үміткерлерге тестілеу өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Бұдан бұрын Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында «ҰБТ-да ұпайды әділ жинаған әрбір осы жылғы түлек керемет, супер-заманауи, 4 жылда ескірмейтін, соңғы модельдегі ноутбукты сыйлыққа алады! », – деп жазған болатын.
Бұл биылғы үміткерлерге жақсы мотивация
Парақшамызға жазылыңыз