Шығыс Қазақстанда демалушылар мен демалыс үйінің иелері биылғы жылы пандемияға байланысты белгіленген стандарттарға сәйкес келуі керек:
Жағажай аумағында демалушылар кемінде екі метр қашықтықты ұстауы керек;
Демалыс орнына келушілер саны жобаның 50% асып кетпеуі қажет;
“Covid-19” тестілеу нәтижесінен 7 күн өткеннен кейін ғана демалыс орнына орналасуға болады. Отбасы мүшесінің біріне жасалынған сараптама барлығына ортақ бола алады;
Барлық демалыс орындары жеке қорғаныс құралдарымен, дезинфекциялық құралдармен, қолды тазалауға арналған антисептиктермен, сондай-ақ температураны өлшеуге арналған байланыссыз термометрмен қамтамасыз етілуі керек. Демалушылар жеке қорғаныс құралдарын алып жүргені дұрыс.
©Марат Исмаилов, Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
Парақшамызға жазылыңыз