Жангелді НЕМЕРЕБАЕВ, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның музыкалық редакторы, сценарист:
Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 1973 жылы құрылған. Былтыр «Сүйінбай шаңырағының сазды әлемі» атты филармонияның тарихы жайында көлемді кітап шықты. 47 жылдық тарихы бар мекемеде қазір 200 ге жуық адам қызмет етеді. Сонымен қатар, ұжым ішінде фольклорлық-этнографиялық «Адырна», «Сазген» ансамлі мен Эстрадалық үрмелі аспаптар оркестрі және М. Төлебаев атындағы ұлттық оркестр, «Алтынай» мемлекеттік би ансамблі, жеке дауыстағы әншілер мен дәстүрлі әншілер бар.
Филармонияны Алматы облыстық әкімшілігі, яғни, мемлекет қаржыландырады. Директоры ҚР мәдениет қайраткері, белгілі композитор Құрамысов Данияр Жолдасханұлы . Төтенше жағдай кезінде еліміздегі барлық филармониялар секілді онлайн жүйесінде жұмыс істеді. Музыканттар ғимараттың концерттік бөлімі мен залға белгіленген кестеге сәйкес кезек-кезек барып, онлайн концерт берді. Бұл туралы әлеуметтік желілер арқылы алдын-ала хабарланды. Әрине, бүкіл ұжым бірге жиналған жоқ, әр әнші мен музыканттар өзінің концерттік номеріне қарай белгіленген күні келіп, барлық санитарлық талаптарды сақтады.
Әлеуметтік желілердің барлығында дерлік филармонияның жеке парақшасы бар. Төтенше жағдай кезіндегі жұмыстың барлығы осы желілер арқылы таралды. Филармония директорының орынбасары Медет Тұзбаев пен көркемдек жетекші Ерұлан Жебегенов карантин кезінде концерттердің бағдарламаларын жасап, оның желілерге таралуын жүйеледі.
Өткен жұмада «Адырна» фольклорлық-этногрфиялық ансамбльнің концертін бердік. Сол концертпен филармония өзінің биылғы маусымын жапты. Өнер ұжымының маусымашар және маусымжабар концерттері қалыпты жағдайда І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында қала халқын жинап, зал толы көрерменмен өтетін еді. Ел ішінде қазіргі жағдайға байланысты биылғы маусымды бір ансамбльдің концертмен жеке дауыстағы әншілердің қатысуымен онлайн түрде жаптық.
Әрине екі жағдайда көрермен жинау екі бөлек. Сарайға келіп жанды дауыста ән тыңдағанмен, әлеуметтік желі арқылы ән тыңдаудың әсері бір біріне ұқсамайтыны белгілі. Дегенмен музыканттар онлайн концерттің барлығын жанды дауыста өткізді. Ал қазір қызметкерлердің біразы жазғы еңбек демалысына шыға бастады. Алдағы маусымның қалай боларын ел ішіндегі жағдайдың беталысы көрсетеді.
М.Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің домбырашылары
Қапездің әні “Дүние-ау”. Орындаған ҚР мәдениет саласының үздігі Сая Есенгелдинова. Тегтер: онлайн концерт, филармония, Жангелді Немеребаев, төтенше жағдай, карантин, көрермен.
Парақшамызға жазылыңыз