Белгілі тележурналист,талантты жазушы,аудармашы Серік Әбікенұлы Сарыбаев 1972 жылы 3 қыркүйекте Талдықорған облысының Кербұлақ ауданы, Балғалы ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Журналист. «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда Бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында Бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды. 31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік етіп, осы арнада «Тарих безбені», «Тұжырым», «… кім?», «Ел сойылы» сынды жобаларды елге ұсынды. Осы күні ел аузында жүрген «Тілсақшысы», «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы», «Тағдыр мен тұлға», «Монолог», «Болмыс», «Тыңдашы, айналайын» бағдарламалары «Қазақ хандығына – 550жыл» 40 сериялы деректі циклінің және тағы басқа көптеген хабарлардың авторы.
2013 жылы «Парасат» саяси-қоғамдық журналының Бас редакторы және 2014 жылдан «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
Серік Әбікенұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

Соңғы жазбалар
Жәнібек Әлімханұлының елімізде өткізген жекпе-жегін дүйім жұрт күтті. IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын
Астананы ғана емес, барша қазақ даласын дүбірге бөлеген бокс кешінде IBF Intercontinental тұжырымындағы екінші орта салмақта
Кез келген бокс кешінің көркін аса ауыр салмақтағы жауынгнрлердің жекпе-жегі кіргізеді. Жәнібек пен Анауэль арасындағы өтетін
Кәсіпқой бокста 23 кездесу өткізіп, оның 17-сін нокаутпен аяқтаған Батыр Жүкембаев “Барыс Аренада” ұйымдастырылған тарихи бокс
Бірден екі тұжырымдағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынған Астанадағы тарихи бокс кешінің тағы бір дебютанты Махмұд
“Барыс Арена” мұз сарайын дүбірге бөлеген бокс кешінің көркін нәзік жанды боксшылар да кіргізді. Қазақстандық боксшы
Астанадағы бокс кешінің төртінші жұбын өзбекстандық Отабек Холматов пен Филиппин елінің файтері Джейсон Кано Манигос құрады.
Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссинге арасындағы бокс кешінің үшінші жұбын әуесқой бокстың жарық жұлдызы Төрехан Сабырхан
Астанадағы “Барыс Арена” мұз сарайындағы бокс кешінің екінші жекпе-жегінде қазақстандық Ақниет Әлімбай мен чехиялық Йозеф Дубски
Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссинге арасындағы IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын