“Стратегиялық коммуникациялар” агенттігі 30 маусым мен 1 шілде аралығында журналистика әлеміне жаңадан келіп қосылып жатқандарға медиа контент жасаудағы негізгі дағдылар бойынша тренинг өткізеді. Тренинг Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жол мен жатын-орын төленеді. Өтініштер 17 маусымға дейін қабылданады.
Журналистиканың негізгі дағдылары бойынша тренингке белгілі бір редакциямен тығыз байланыста жұмыс істейтін 18 бен 35 жас арасындағы авторлар, фрилансерлер және блогерлер қатыса алады.
Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Тренинг жүргізушілер: Ренат Ташкинбаев, Дана Рысмухамедова, Ольга Коваленко, Акмарал Абжани, Ербол Сейлхан.
Тренинге қатысушылар ақпаратты қайдан іздеуді, ақпарат негізін, қандай тақырыпта жазған дұрыс екенін, репортаж жанрының ақпараттық жазбалардан айырмашылығын, оқиға қалай құрылатынын үйренеді. Сонымен қатар сұхбат алуды, ақпараттық және басқа да материалдар жазуды үйренеді.
Тренинг түлектеріне кейін ақыл-кеңес беріп, менторлық байланысты дамыту қарастырылған. Тренингті сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификат беріледі.
Тренингке өтінішті онлайн толтырасыз. Қатысушылар саны шектеулі.
Қосымша сұрақтар болса «Стратегиялық коммуникациялар» агенттігіне хабарласыңыздар: +7 702 897 6789
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге асады.
Парақшамызға жазылыңыз