//

Дәрі-дәрмек екі есеге қымбаттаған

3113 рет қаралды
фото: www.liter.kz

Тұрғындар дәрі-дәрмектің жоқтығына ғана емес, олардың мөлшерден тыс қымбаттап кеткенін айтып дабыл қағуда. 

Жалпы, дәрі-дәрмек соңғы бір жыл көлемінде жеті пайызға қымбаттаған. 

Маусым айындағы көрсеткіш бойынша, антисептиктердің бағасы – 17 пайызға қымбаттаған. Ал қызу түсіретін медикаменттердің бағасы 8,5%-ға дейін артқан. 2020 жылдың қаңтар сәуір айларында фармацевт компаниялары  41,9 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 33,9%-ға артық. 

2020 жылдың мамыр айында фармацевт өнімдері былтырғы мамыр айымен салыстырғанда 6,9%-ға қымбаттаған. Әсіресе Павлодар (9,4%) және Ақмола  (9,3%) облыстарында, Шымкент қаласында (9,2%) дәрі дәрмектің қымбаттағаны байқалады. Негізінен антисептиктер (16,9%), дене қызуын түсіруге көмектесетін дәрілер (8,5%) және антибиотиктер қымбаттаған (7,3%).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылдың 9 қаңтарындағы No ҚР ДСМ-3/2020 жарлығында Қазақстандағы дәрі-дәрмектердің шекті бағасы тоқтатылған. Төменде қазір сұраныстағы дәрілердің министрлік тоқтатқан бағасын ұсынып отырмыз. Олардың дәріханалардағы қазіргі бағасымен салыстырып көріңіз:

NoПрепарат
атауы 
Сипаттамасы Көтерме саудадағы бағасы  Жеке саудадағы бағасы 
1ПарацетамолТаблетки 200 мг No10  21,51  33,35  
2ПарацетамолТаблетки 0.5 г No10  82,87  128,45  
3Азитромицин Капсулы 250 мг No6  839,70  1 217,57  
4Азитромицин  Таблетки, покрытые оболочкой 500 мг No3  747,12  1 083,32  
5АскорутинТаблетки No10 в контурной безъ- ячейковой упаков- ке из бумаги  81,07  125,66  
6ЛеволетТаблетки750 мгNo10  6 010,04  7 813,05  
7ЛеволетТаблетки, покры- тые оболочкой500 мгNo10  5 522,71  7 179,52  
8ЛеволетРаствор для инфу- зий500мг/100млNo1  3 031,97  4 032,51  
9Клексан Раствор для инъек- ций6000 анти-Ха МЕ/0.6 мл0.6 млNo2  5 513,33  7 167,33  
10ФраксипаринРаствор для инъек- ций3800 МЕ анти- Ха/0.4мл0.4 млNo10  15 918,40  19 420,45  
11ОфлаксацинРаствор для инфу- зий 2 мг/мл 100 мл No1  301,69  467,62  
12ОфлаксацинРаствор для инфу- зий 2 мг/млNo1  176,26  273,21  
13ОфлаксацинРаствор для инфу- зий 2мг/мл (в растворе натрия хлорида 0.9%) No1  349,77  542,15  
14ДексаметазонТаблетки 0.5 мг No10  435,78  631,88  
15ДексаметазонРаствор для инъек- ций4 мг/млNo10  823,41  1 193,95  
16ДексаметазонРаствор для инъек- ций 4 мг/мл 1 мл No25  1 859,98  2 510,98  
17Ингавирин®Капсулы 90 мг No7 4 240,87 5 640,36 
18Ингавирин®Капсулы 60 мг No72 279,76  3 077,67 
19Аскорбин 
қышқылы
Таблетки25 мг No10  41,58  64,44  
20АмпициллинТаблетки 250 мг No10  131,27  131,27  
21Эргоферен Таблетки для рас- сасывания No20  2 497,22  3 371,24  
22Ацетилсалицил 
қышқылы
Таблетки 500 мг No10  40,22  62,34  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі бағасын негізсіз қымбаттатқандарды жауапқа тартатынын жазған екен. Бұл қаншалықты орындалады, оны болашақ көрсетеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар