Қазақстанда пневмания мен Covid 19 статистикасы біріктірілетін болды

1543 рет қаралды

Қазақстанда пневмания мен Covid 19 статистикасы біріктірілетін болды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой “Коронавирустың жалпы тіркелген статистикасынан бөлек пневмонияға назар аудару керек. Осы ретте коронавирус пен пневмония бойынша деректердің ашығын қамтамасыз ету үшін коронавирусты тіркеудің жаңа әдісіне көштік.

ДСҰ-ның Еуропа аймақтық бюросымен ақылдаса келе коронавирусты есепке алу және кодтауды халықаралық классификация бойынша жіктеу керек деген шешімге келді. Осылайша коронавирус белгісі бар, ПТР нәтижесі теріс пневмония коронавирус бойынша жалпы статистикаға жатқызылады» , – деді.

Министрдің айтуынша, коронавирустың тіркелген жағдайы мен  клиникалық және эпидемиологиялық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония 1 тамыздан бастап бірге есептеледі.

Алайда, министр мырза бұл тізімге қай уақыттан бастап ауырғандар енетінін нақты айтпады.

А. Цой келтірген дерек бойынша жыл басынан бері 15 шілдеге дейін 234 187 адам пневмониямен ауырған, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 3-3,5 есе көп.  Бұл бактериалды және вирусты пневмонияның жалпы статистикасы.  Жыл басынан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3327 адам қайтыс болған.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар