23 шілде күні Талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенова ФБ парақшасында Денсаулық Сақтау министрін белгілеп:
«Alexey Tsoy оставьте нам нашего главврача!!!!!
Руководитель управления здравоохранения Алматинской области Бауыржан Ыскак ты виноват в смерти людей и ты должен подать в отставку, а не Сауле Кусмолданова! Почему женщина должна отвечать за твои ошибки? Говорят, теперь ты своего одноклассника из Шымкента на её место хочешь назначить!
Все, кого вылечила Сауле напишите под постом свою фамилию!!!!» деген пост жазды. Біз бұл постты оқыған соң Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына хабарласып, мән-жайды білгіміз келіп еді. Хатшы Ләйлім Әубәкірова біраздан соң ресми жауап болатынын айтты.
Арада біраз уақыт өткенде облыста танымал Талдыкорганец парақшасын жүргізуші Қайрат Абдрахман
«Бауыржан Ербозымович, руководитель Управления здравоохранения Алматинской области!
Правда, что Вы хотите уволить директора многопрофильной больницы Талдыкоргана и поставить за место неё своего одноклассника из Шымкента, это правда?», – деп Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына сауал жолдады.
Бұл екі сауалдан соң, тіпті бүгін ресми орындардан ешқандай ресми жауап берілген жоқ.
Ал бүгін malim.kz сайты Талдықорғандағы көп салалы аурухана қызметкерлерінің жаппай жұмыстан кетпекші деп жазды. Олар Сәуле Құсмолданованың жұмыстан кетуіне наразы.
Бір қызығы осы ақпараттан кейін де облыстың ресми орындары ешқандай ақпарат берген жоқ.
Қала тұрғыны Евгений Прищенко Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың постының астына «Лучше помогите нашей многопрофильной Талдыкоргана. Весь коллектив собрался увольняться из за желания хозяина обл.здрава уволить главного врача. Помогите! Вмешайтесь! Коней на переправе не меняют. Пусть пройдет пандемия потрм разберемся… Помогите!», – деп пікір қалдырды.
Қала тұрғындары алдыңғы екі постқа да Бас дәрігердің кетпеуін сұрап көп пікір жазды. Алайда, осынша шу болып жатса да Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы ел алдына шығып еш жауап берген жоқ.
Осы ақпаратты дайындап отырғанда біз биресми ақпарат көздерінен Бас дәрігерлікке басқа адамның тағайындалып жатқанын естідік…
Ал Талдыкорганец парақшасы тұрғындар арасында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы орнынан кетсін бе, деген сауалнама жүргізіп жатыр.
Парақшамызға жазылыңыз