Өкпе пневмониясы диагнозымен қайтыс болған шымкенттік тоғыз дәрігердің отбасы 1 миллион теңгеден өтемақы алды.
Шымкент әкімшілігі бұл төленіп жатқан өтемақының “Шымкент – Қайырымды қала” атты қалалық қайырымдылық қорынан алынғандығын айтады. Ал арнайы комиссия қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, ет жақындарына 10 млн теңгені төлеу, төлемеу мәселесін жақын күндері шешетін болады дейді олар.
“Шымкент қаласының әкімшілігі арнайы комиссияның шешімін күтпестен қосымша материалдық көмек көрсетуді жөн деп тапты. Сөйтіп, өмірлерін індетпен күресте қиған медиктерге құрмет көрсеткіміз келді” деген мәлімдемеде. КТК телеарнасының хабарлауынша уәде етілген 10 миллион теңгенің төленбеу себебі медицина қызметкерлерінің өлімінің себебі коронавирус емес, пневмония болғандықтан.
Бір айдың өзінде Шымкентте 9 медицина қызметкері қайтыс болған. Қазақстан бойынша 51 дәрігер қайтыс болған. Қазір инфекционист дәрігерлер тапшы. Біразы ауырып жатыр, біразы о дүниелік болып кетті. Ал қатерлі дертпен күресте шейіт болғандардың отбасы уәде еткен өтемақыны әлі алмаған. Бұндай жағдайда халықты емдейтін дәрігер табуда қиын.
Парақшамызға жазылыңыз