“Отандастар қоры” КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов шетелдегі қазақ қоғамдық ұйымдарына білім гранттары туралы ақпарат жолдады.
Ақпаратта қазақ диаспорасының өкілдері немесе Қазақстанда тұратын азаматтығы жоқ этникалық қазақтар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім ала алады делінген.
Осы мақсатта ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі #199 қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылына республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ, ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінгенін хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб порталы https://enic-kazakhstan.kz/faq арқылы онлайн режимде жүргізіледі.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау ережесіне сәйкес нұсқаулықты екі тілде жолдайды делінген ақпаратта.
Құжаттарды онлайн режимде тапсыру бойынша қосымша сұрақтарды +7 (7172) 287526, 1404, 8 800 080 14 04, +7 (7172) 981 404, 8 701 000 14 04 нөмерлері бойынша біле аласыздар.
Парақшамызға жазылыңыз