Осы аптада Қазақ елі ресми тарих сахнасында шекарасы бекітілген, жеке автономия ретінде жарияланғанына 100 жыл толды. Елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің бастауы болған осы бір тарихи дата қазіргі коронавирус пандемиясының дүрбелеңімен елеусіз қалды.
www.minber.kz сайты оқырман назарын бір сәт коронавирустан тарихи дерекке бұрып, өскелең ұрпақтың тарихи жадын қалыптастыру үшін осы датаға арнайы көңіл бөлуді жөн көріп отыр. Егер сізді еліміздің өткені қызықтыратын болса, Қазақ елі бүгінгі шекарасын қалай қалыптастырғанын білгіңіз келсе, онда “Мінбердің” инстаграм парақшасына қонақ болуды ұмытпаңыз. Тікелей эфир 28 тамызда сағат 11.00-де. Эфир қонағы – белгілі Алаштанушы ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Айгүл Смақова.
Парақшамызға жазылыңыз