//

Тұрғындарды тегін емдеп жатқан күндізгі стационарға неге тықыр таянды?..

2525 рет қаралды

Мінбер.кз бұдан бұрын Алматыдағы Шаңырақ-1 ықшам ауданы Алпамыс көшесі 28 мекен-жайындағы «Талант-К» клиникасында «Красивые дети Казахстана» қорының жетекшілері Ерлан мен Гүлшат Нүрпейісовтер отбасының бастамасымен жеңіл және орташа деңгейде ковидпен ауырған адамдарды тегін емдейтін күндізгі стоционар ашылғаны туралы жазып еді. Бізге ол туралы мәліметті осы қордың идеясын қолдаған ерікті Нұраддин Садықов берген болатын.

28 шілдеде ашылған күндізгі стационар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарды емдей бастағанымен, өткен аптада күндізгі стационардың жұмысынан мін іздеушілер де табылыпты.

Бұл туралы қор жетекшісі Ерлан Нүрпейісов пен белсенді Мұрат Әбеновтың ФБ парақшасында жазылды. Мұрат Әбенов «Алматы СЭС пугает судом гражданских активистов открывших общественные провизорные клиники Covid19. Чего так боится власть», – деп жазды. Ресми ақпарат та жарияланды.

https://www.inform.kz/ru/glavnyy-sanvrach-almaty-prigrozil-ugolovnym-presledovaniem-chastnoy-kovid-klinike_a3681149?fbclid=IwAR2

Біз мәселенің мән жайын білу үшін тегін күндізгі стационар ашу ісіне атсалысқан белсенділердің бірі, дәрігер Әкім Тұрсұн мырзаға хабарластық.

Өткен аптаның ортасында «Талант-К» клиникасына Алматы қаласы  Алатау ауданының тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Дархан Сисенов алдын ала ескертусіз, ешқандай шағымсыз аяқ асты келіп тексерді. Біріншіден, олардың бұл келісін мен заңды деп айтпас едім, екіншіден, эпидемиологиялық жағдай өршіп, вирус жұқтырғандар көп болып, адамдар клиникаға толассыз келіп жатқанда клиниканың иесі Талант Омаров Алматы қаласының СЭС-іне, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына, әкімшілікке керекті дәрі-дәрмек беруін сұрап неше рет хат жазса да ешкім келмеп еді, ешкім дәрі де бермеген. Сол кезде бұл клиника күніне 100 адам қабылдады.

Ал қазір бәрі басылып тегін күндізгі стационар жұмысын бастағанда келіп тексеріп отыр. Тегін емхана ашу туралы идеяның авторлары «Красивые дети Казахстана» қорының иелері Ерлан мен Гүлшат Нүрпейісовтер бұл мәселе туралы біледі. Олардың қолға алған ісінің барлығы заңды. Мұнда «Талант-К»  клинкасы тек қызмет көрсетуші, қызмет пен керек дәрі-дәрмектің барлығын қор мен оған атсалысқан белсенділер қаржыландырып отыр.

СЭС бұл клиникаға кешенді инфекциялық ауруханаға қойылатын талаптарды қойып отыр. Ал шын мәнінде бұл клиника – күндізгі стационар. Сосын таза аймақ пен қызыл аймақ болуы керек, ол бөлінбеген дейді. Алайда, ондай аймақ клиникада бар. Бұл туралы Ерлан мырза мен Гүлшат ханым КТК арнасында өткен тікелей эфирде жауап берді. Тескеруге келген азаматтар клиника қызмектерлерін ескертпестен қызыл аймаққа қорғаныш костюмдерін кимей кіріп келген. Егер олар алдын-ала ескерткенде клиника қызметкерлері оларды таза аймақта қарсы алар еді.

Мұрат Әбеновтың жазғанын оқыдым, дегенмен Бекшин мырзаның сотқа беремін деп айтқанынан нақты хабарым жоқ. Бірақ Алматы қаласының барлық клиникаларының жетекшілерінен құрылған чатқа жіберген Ж. Бекшин мырзаның осы клиникаға қатысты 7-8 пункттен тұратын актісінің (қол қойылмаған мөр басылмаған акт) 3- 4 пунктін негізсіз деп айта аламын. Ал қалған талаптары кешенді-инфекциялық клиникаға қойлатын талаптар екенін ескеру керек.

Дегенмен, бұл қиындықтарға қарамай «Талант-К» клиникасы жұмыс істеп тұр әрі жұмысын бұдан әрі жалғастыра береді. «Красивые дети Казахстана» қорының иелері Ерлан мен Гүлшат Нүрпейісовтер бұл бастаманы тек науқандық шара ретінде ғана емес, азаматтық қоғам мен билік орынарының бірігіп жұмыс істеуге бағытталған үлкен жоба ретінде жалғастыруды көздеп отыр.

Құзырлы органдардың негізсіз тексерісінен соң қор жетекшілері Ерлан мен Гүлшат Нұрпейісовтер КТК арнасының тікелей эфиріне қатысып мән-жайды түсіндірген еді.

https://www.youtube.com/watch?v=T8GTgOZo7QM&feature=youtu.be&fbclid=IwAR3k871CnoxfNpmhlyrUdTNXF8rqhRMDHQNrcOwkb-lCFCD46Z1jCobgBws

Эфир барысында тексерудің қорытындысы жазылған актінің әлі де жіберілмегені айтылды. Тіпті клиникадан тексерістің талабына сай ешқандай сынама алынбаған көрінеді.

   Азаматтық қоғам орнатуға, билік орындарымен бірігіп жұмыс істеуге белсене кірісіп отырған бастамашы топтың сөзіне қарағанда біздегі билік орындары азаматтық қоғам құруға ниетті болғанымен оның механизмдерін дұрыс түсінбейтін секілді.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар