/

Таулы Қарабақ жанжалы: Ең тиімді жол тараптардың бітімге келуі

2256 рет қаралды

Армения мен Әзірбайжан жағдайдың ушығуына бір-бірін кінәлайды. 28 қыркүйек күні түнде қақтығыс аумағында атыс болды. Бұл іске Ереван мен Баку бір-бірін атқылады деп айыптады.

Таулы Қарабақта соңғы төрт жыл ішіндегі ең ірі, ең ұзақ мерзімге созылған қақтығыс 27 қыркүйек күні басталды. Бұл жағдайға аймақтағы державалар – Ресей мен Түркия назар аударып отыр. Екі мемлекет те артиллерия, дрондар, әскери тікұшақтар, танкілер шығарды. Түркия толықтай Әзірбайжанды қолдайтынын жеткізді.

Бұл шиеленіс екі тарапқа да тиімсіз. Егер екі мемлекет келісімге келмесе, соңы жақсылыққа апармауы мүмкін. Оңтүстік Кавказда ҰҚШҰ (ең алдымен Ресей) және НАТО (Түркия) елдерінің  қатысуымен үлкен соғыс басталып кету қаупі бар. Арменияның әуе күштері Қарабаққа жақын орналасқан елді мекендерді атқылап, Әзірбайжанның 3 ұшағы мен 2 тікұшағын жойған. Ал Әзірбайжан 12 армян зенит кешенін жойды. Дерек бойынша, екі тараптан барлығы 91 әскер мен қала тұрғыны қаза болған.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі: “Қос тарапты атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөзге кірісуге шақырамыз”, – деп екі жақты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

Канада мен Ұлыбритания сыртқы істер министрлері Таулы Қарабақтағы “ірі әскери қимылдарға” алаңдаушылық білдірді.

“Ұлыбритания және Канада Таулы Қарабақтың қақтығыс аймағында болып жатқан ірі әскери қимылдар жайлы ақпаратқа қатты алаңдайды. Елді мекендерге шабуыл жасау және бейбіт азаматтардың қаза болғаны жайлы хабарламалар қатты алаңдатып отыр. Әскери қимылдарды доғарып, атысты тоқтату туралы келісім шарттарын құрметтеп, азаматтардың өмірін сақтауға шақырамыз” делінген мәлімдемеде. Оған Канада сыртқы істер министрі Франсуа Филипп Шампан және Ұлыбритания сыртқы істер министрі Доминик Рааб қол қойды.

Алайда Армения әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінбеді. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Физули-Джебраиль,Тертер-Агдам және де Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар