Мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді

2488 рет қаралды

Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев мәжіліске партиялық тізімдер бойынша сайлауды келесі жылдың 10 қаңтарына, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын сайлауды 11 қаңтарға белгіледі, деп хабарлады Ақорда.

«Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын», – делінген қаулыда.

Президент Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастыруды тапсырды. Ел Үкіметі мен Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету шараларын қабылдасын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс сайлауы Конституциялық мерзімде өтетінін атап өтті. Сайлаудың заңдылығы мен ашықтығын Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура қадағалайтын болады.

Ол сондай-ақ 2020 жылы бұрын қабылданған «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңға парламенттік оппозиция институтын енгізуді көздейтін түзетулерді атап өтті:

«Енді Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысын сайлау парламенттік оппозиция депутаттарының арасынан жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, парламенттік оппозицияға бір сессия ішінде кемінде бір рет парламенттік тыңдаулар өткізуге бастамашылық жасау, сондай-ақ бір сессия ішінде кемінде екі рет Үкімет сағатының күн тәртібін айқындау құқығы беріледі.

Бұл ретте саяси партиялар фракцияларының басшыларына Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және өзге де іс – шараларда сөз сөйлеуге кепілдік берілген құқық беріледі», – деп еске салды президент.

Сондай-ақ, түзетулер әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерге 30% квота енгізуді қарастырды:

«Бұл норма әйелдер мен жастарды Парламентке және жергілікті өкілді органдарға тартудың тиімді тетігіне айналады, бұл олардың елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуына ықпал етеді», – деді Тоқаев.

Жаңа енгізілімдер партиялық тізімдер бойынша алғаш рет өтетін мәслихатқа сайлауға да қатысты болды.

www.uralskweek.kz 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар