////

Жамбыл ауданының Білім бөлімі қашықтан оқуға қанша қаражат бөлді?

2635 рет қаралды
фото: Хабар24

Алматы облысы Жамбыл ауданынан хабарласқан көп балалы ата-ана “Мінбер” сайтының қашықтан білім беру үшін Білім басқармаларының бөліп жатқан қаржылары туралы сараптамаларын оқып жүретінін айтып, өз ауданының да осы мақсатта бөлген қаржысын білгісі келетінін жеткізді. Сонымен Жамбыл ауданы Білім күніне дайындықты қалай жасады? Қанша техника сатып алды, ал интернетке қол жеткізу қызметтері үшін қанша қаржы жұмсады, сарапқа салып көрген едік:

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы ақпаратқа сүйенсек, Жамбыл ауданының бұл мақсаттағы бюджеті Қарасай ауданы жұмсағандай көп емес.

Жамбыл ауданының Білім бөлімі ИП Seven деген өнім берушімен 16 миллион 768 мың 500 теңгенің келісім шартын жасап, 159500 теңге тұратын 105 компьютер сатып алуды жоспарлаған.

Келесі өнім беруші КазИнтерсервис құны 161 мың теңге тұратын 587 ноутбук сатып алуға келісім шарт жасаған. 94 миллион 507 мың теңге тұратын бұл қызметке екінші дәрежелі ноутбуктер сатып алу көзделген.

Ал Bilim media group Bilimbook білім беру жүйесіне арналған интерактивті ноутбук планшетті 22 миллион 950 мың теңгеге ұсынып отыр. Осындай ноутбук -планшеттердің 85-ін сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ, бұл компания Bilimland білім беру платформаларын пайдаланғаны үшін 24 миллион 180 мың теңгенің қызметін ұсынып отыр.

Бұдан кейінгі көкейкесті мәселе – интернетке қол жеткізу қызметтері. Негізгі ірі екі өнім беруші бұл міндетті өз мойындарына алып отыр. Ол “Қазақтелеком” Акционерлік қоғамы мен “ЦайФуджи” ЖШС.

“Қазақтелеком” АҚ-мен Жамбыл аудандық Білім бөлімінің құны 32 миллионнан асатын 6  келісім шарты бар (Алматы облыстық филиалының келісім шартын қоса есептегенде):

Келесі өнім беруші “ЦайФуджи” ЖШС де 10 миллион 924 мың теңге тұратын үш келісім шарт жасаған. Екі компанияның да көрсететін қызметі кең жолақты интернетпен, Wifi-мен және сымсыз интернетпен қамтамасыз ету.

Ал “Харченко” жеке кәсіпкері осы желілерді техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді өз мойнына алып отыр. Бұл мақсатқа Жамбыл ауданы Білім бөлімі 3 миллион 300 мың теңге жұмсамақ. Жиыны – 46 миллион 224 мың теңге интернетке қол жеткізу қызметтері үшін бөлініп отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар