/

Алматыда Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің есімдері белгілі болды

1306 рет қаралды
фото: www.inform.kz

Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының алаңында өткен қалалық партия конференциясының қорытындысы бойынша белгілі болды. Іс-шарада пікірсайыс турнирінің және Парламент Мәжілісіне кандидаттар үшін дауыс берудің қорытындылары бойынша партиялық тізім бекітілді.

Тізімге 100 делегат сайлаған 7 қатысушы енді.

Олардың арасында: 1. VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты – Платонов Артур

2. Алмалы аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі – Торғаев Бекқали

3. «Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің физика математика бағытындағы ДББҰ басшысы – Сүлейменова Жұлдыз

4. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, «ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры – Көбеева Алтынай

5. «Red Dragon Almaty» ЖШС Бас директоры – Авершин Константин Викторович

6. «Jas Otan» ЖҚ қалалық филиалының төрағасы – Ахметов Мәди Аблайұлы

7. «АЗМК» ЖШС Бас директоры – Шардинов Шухрат Ахметжанұлы

Енді бұл тұлғалар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін партияаралық сайлауға қатысатын болады. Жалпы дебатқа 13 адам атсалысты. Сондай-ақ, конференция барысында қалалық мәслихат депутаттығына 78 адамнан тұратын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Олардың қатарында барлық әлеуметтік және кәсіби топтардың өкілдері бар. Мысалы, №169 мектеп-лицейінің директоры, көпбалалы ана Гүлжан Бекенова Қазақстанның педагогтарын, көп балалы отбасылары мен балаларын қолдауды мақсат тұтып отыр. Тағы бір қатысушы – «Daco motors KZ» ЖШС директоры Нұрымбек Тау пандемия кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына елеулі қолдау көрсетті. 20 жастағы шахматшы, халықаралық шебер және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік та праймериздің ең жас қатысушысы болып партиялық тізімге енді. Сондай-ақ, тізім қатарында қаланы қолдауға және дамытуға бағытталған түрлі әлеуметтік жобалардың қатысушысы Максим Финогенов бар. Оның сайлауалды тұғырнамасында басты назар – отандық өндірісті дамыту және жұмыс орындарын ашу. Мегаполистегі зообақтың меңгерушісі Әйгерім Жақсылықтың мақсаты – ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді шешу. Кардиохирург Алмат Кодасбаев медицина саласындағы мәселелерді, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруді мақсат етіп отыр. Белгілі блогер Мейіржан Төребаев және тағы басқалар да тізімге енді.

Жалпы кандидаттар қатарына 27 әйел (35%) және 35 жасқа дейінгі 15 жас (20%) кірді. Бұдан басқа, шағын және орта бизнес субъектілері мен ҮЕҰ өкілдерінің саны бойынша Алматының көшбасшылығын ескере отырып, тізімдегі кандидаттардың 50%-ға жуығы бизнес-құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды. Іс-шара аясында қаланы дамытудың 12 драйверінен тұратын және Елбасының «Алматы 2050» даму стратегиясына негізделген «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Партиялық конференция барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аудан делегаттары үшін ZOOM арқылы онлайн трансляциялау арқылы өткізілгенін атап өткен жөн. Конференция «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалымен праймеризді өткізудің соңғы кезеңін аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы праймеризге 200-ге жуық кандидат қатысқан болатын, оның ішінде 54 қатысушы – жаңа үміткер. Бұл – жақсы нәтиже, себебі праймериз бастапқыда «Nur Otan» кадрларын жаңартуды көздеген болатын.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар