2021 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін қаражат көлемі 190,1 млрд теңге. Алматы қаласының үш жылдық бюджеті “Ашық нормативтік құқықтық актілер” порталында ашық талқылау үшін шығарылды.
Алматы қаласының мәслихаты 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетін төмендегідей көлемде бекітуді ұсынды:
Яғни үш жыл бойы кірістер мен шығыстардың көп айырмашылығы болмайды. Мысалы, 2021 жылғы кіріс 591,7 миллиард теңге болса, шығыс – 591.8 миллиард теңге. Дәл осы тенденция қалған екі жыл бойы да сақталмақ. 2022 жылғы кіріс 602.7 миллиард теңге болса, шығыс 613 миллиард теңге. 2023 жылғы кіріс 578.9 миллиард теңге және шығыс 589.2 миллиард теңге. Өкінішке қарай, таза бюджеттік кредиттеу құлдырайды, алдағы жылы – 5,2 миллиард теңге болса, қалған екі жылы ол минус 2,2 миллиард болады деп жоспарлануда. Ал, қаржылық активтер операциясының сальдосы алдағы жылы 4,4 миллиард теңге болса, қалған екі жыл ол нөлге тең болмақ. Бюджет дефицитінің ең ірі көлемі – 2021 жылға тиесілі, 9.7 миллиард теңге, кейінгі екі жылда оның көлемі – 8.1 теңгеге тең болуы мүмкін.
Жоба бойынша республикалық бюджетке 2021 жылы түсетін түсім 190,1 млрд теңге.
2021 жылға арналған бюджет шығындары:
Демек, Алматы қаласы әкімшілігі ең көп шығынды білім беру саласына бөлуді жоспарлап отыр. Ол 177,55 миллиард теңге. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына 50,79 миллиард теңге, көлік және коммуникацияға 42.6 миллиард теңге бөліну көзделген. Ал денсаулық сақтау саласына 12.5 миллиард теңге жоспарланып отыр.
Жергілікті атқарушы органның 2021 жылға арналған қоры 11,8 млрд теңге.
Бюджетті ашық талқылау 24 қарашаға дейін жалғаспақ. Ал шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін болады.