/

“Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі” тренингіне қош келдіңіз

2040 рет қаралды
"Мінбердің" Орал қаласындағы тренингінен көрініс, 2019 жыл

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қоры “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекщеліктері: ERG мысалында” тренингтер сериясын өткізуді жоспарлап отыр. Шара – Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарында өтеді деп жоспарлануда. Бүгін яғни қарашаның 16-сында Павлодар өңірінің журналистеріне арналған алғашқы тренингімізді бастаймыз. Тренинг аясында ірі корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілігі қандай, олар қарапайым халық үшін не істеп жатыр, қоршаған ортаны ластамас үшін қандай әрекеттер жасалуда, ашық деректермен қалай жұмыс істеуге болады, дата дегеніміз не, оны іздеп табудың жолдары, ірі корпорациялардың есебін пайдаланып қалай материал жасауға болады деген тақырыптарда тәжірибелі тренерлер өз тәжірибесімен бөліспек.

Сондай-ақ, қатысушылар өз өңірлеріндегі бизнес субьектілерінің әлеуметтік жауапкершілікті қалай сезінетінін және осы салада қандай істер атқарып жатқанына байланысты оқиға тауып, мақала жариялайды, конкурс жарияланады. Конкурстан қара үзіп, алда келген үш үздік материалға қомақты сыйлығымыз бар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар