2020 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ел бюджеті 610 млрд теңгеден қағылды. Бұл туралы қаржы министрі Ерулан Жамаубаев үкімет отырысында хабарлады. Бюджет жетіспеушілігінің негізгі бөлігі қосымша құн салығы(НДС) мен ұжымдық табыс салығына тиесілі.
Ұжымдық табыс салығының төмендеуіне не әсер етті?
Карантин шаралары кезіндегі сыртқы экспорттың төмендеуі. Елдегі шикі мұнайдың бағасы-35,2 пайызға, мырыш-18,3 пайызға, алюминий-10,3%, мыс-5,9 пайызға құлдыраған.
854 ірі салық төлеушінің аванстық соммасы өткен жылдың сегіз айымен салыстырғанда 42,8 пайызға төмендеген. Бұл 229,2 млрд теңге. Екінші дәрежелі банктер түсімі өткен жылмен салыстырғанда екі есе азайып, 9 млрд теңге жоғалтқан.
Қосымша құн салығының сомасы төмендеу себептері
-“Электронды счет-фактура” жүйесі арқылы жұмыстың 11,6 пайызға төмендеуі;
-Қосымша құн салығын қайтару деңгейінің өткен жылмен салыстырғанда 63,4 пайызға артуы. Бұл бюджеттің 201,8 млдр теңгеден айырылуына әсер еткен.
-Карантин жағдайы кезінде 21 мың салық төлеушінің іскерлік белсенділігі төмендеп кетті. Бұл бюджетті 205 млрд теңгеден қағып отыр;
-2019 жылмен салыстырғанда тауар айналымының 10,3 пайызға төмендеді. Экспорт 13 пайызға құлдыраған болса, импорт 6 пайызға төмендеді.
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2020 жылы мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге түскен. Мемлекеттік жоспар 95,5% орындалды. Республикалық бюджет жоспарды 85% орындап, 3,4 млрд теңгені құраған.
Қаржы министрлігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша жеке тұлғаларға жасалған рақымшылық аясында азаматтарға 64,1 млн пения кешірілген.
Парақшамызға жазылыңыз