////

“Алтын ордадағы” 10 жолақты жол қашан аяқталады?

2993 рет қаралды
1

2020 жыл тарих қойнауына сіңіп барады. “Алматы – Бішкек” күре жолының 16-19 шақырымында орналасқан “Алтын орда” базарының алдында құрылысы жүріп жатқан он жолақты жолайырығы  жоспар бойынша 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс еді. Бірақ, жоспар өзгерген екен. Жол құрылысына жауапты “Қаз Авто Жол” АҚ басшыларының берген мәліметіне сүйенсек, жолайырығының 90%-ы аяқталып тұрғанға ұқсайды. Алдағы жылдың алғашқы маусымында жол құрылысы аяқталып пайдаға берілмек.

www.turantimes.kz сайтының жазуы бойынша “Алтынорда” жолайырығының жалпы құны 9 миллиард 223,8 млн. теңгеге  бағаланған. Оның үстіне “Асыл арман” тұрғын үй кешенінің айналасында да құны 2 миллиард теңге тұратын көп жолақты жол айырығын салу жоспарланған. Ал www.kaztag.kz сайтының мәліметінше, Алматы облыстық әкімшілігі жолға кететін шығынды 12 миллиард теңге деп болжаған екен. Әрі бұл соманың 800 миллионы 2017 жылы бөлінген. Әуелгідегі жоспар бойынша “ғасыр жобасы” атанған бұл жолайырықтың құрылысы 2019 жылы аяқталуы тиіс болған.  2020 жыл да аяқталды, алайда бұл жобаның бітуі екіталай секілді.

Қолда бар мәліметтер бойынша “Алтын орда” жолайырығын “ҚазАвтоЖол” АҚ салып жатыр. Негізгі мердігер “ДаулетДорстрой” ЖШС. Бір қызығы “ҚазАвтоЖол” АҚ-ының да, “ДаулетДорстрой” ЖШС-інің да 2017 жылдан бергі сатып алуларын сараптап көрдік. Бірақ олардың арасында “Алтын Орда” жолайырығын салуға бөлінген қаржы туралы мәліметті таппадық. Мәселен, “ҚазАвтоЖол” АҚ-ының 2017 жылдан бері Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Автомобиль жолдары Комитетімен жасаған 14,5 миллиард теңгенің 11 ғана келісім шарты бар. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, бұл қаржының басым бөлігі жобаларды басқаруға арналған. Бірақ нақты қандай жобалар жайлы екені жазылмаған. Тіпті, “ҚазАвтоЖолдың” ресми сайтындағы сатып алуларда да “Алтын Орда” туралы мәліметті кездестіру қиын.

фото: tengrinews.kz

Негізгі мердігер “ДаулетДорстрой” ЖШС-інің да мемлекеттік сатып алулар сайтындағы келісім шарттарын сүзіп шықтық.  Бұл мекеменің 2017 жылдан бері “Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 50 келісім шарты бар. Онда да “Алтын орда” базарына қатысты ешқандай келісім жоқ. Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен де жасасқан келісім шарты туралы мәлімет жоқ.

“ДаулетДорстрой” ЖШС-інің ресми сайтында компанияның даму жолына қатысты таймлайн берілген. Өкінішке қарай, таймлайн тек 2015 жылмен аяқталып қалады. 2015 жылдан бергі жобалары туралы мәлімет сайтында орналастырылмаған. Бұл ақпаратқа сүйенсек, “ДаулетДорстрой” ЖШС-і 1978 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания. Сол жылдары «Алма-Атасельстрой» № 6 құрылыс трестінің құрамына енген мемлекеттік СПМК-607 кәсіпорнының ізбасары. 1997-2006 жылдары «Даулет-Дорстрой» жабық акционерлік қоғамы «Прогресс» корпорациялар ассоциациясының құрамында болған. 2006 жылдан Айтей Холдинг тобына енеді.

Тек биылдың өзінде Алматы қаласы мен тоғыз келісім шартқа отырған. Бірақ басқа басқармалармен жасаған келісім шарттары туралы мәліметтер жоқ.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар