/

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Ақпаратты ұсынуда визуализацияның ерекшелігі неде?

3533 рет қаралды

Желтоқсанның  3-інде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Ақтөбе өңірінің журналистеріне арналған тренингтің төртінші күні аяқталды. Қатысушылар бұған дейін тапқан ақпараттарын визуализациялауды үйренді. Ақпаратты табу және қорыту бар да, тапқан ақпаратыңды оқырманға түсінікті әрі көркем етіп ұсыну бар. Интернет журналистикадағы артықшылықтың бірі осы визуализация мәселесі. Қазақ сайттарында да ақпаратты ұсынуда визуализация жағы кемшін түсіп жатады. Үш күн бойы ақпаратты іздеу, табу, қорыту, дата стори дайындау мәселелерін үйренген журналистер, енді оны Flourish платформасы арқылы графикке айналдыру әдістерін үйренді. Медиа тренер Сорос Қазақстан қорының Imedia жобасының түлегі,  Internews Қазақстан қорының қызметкері Баубек Сағындық.

Шараға Ақтөбе өңірінде әртүрлі медиада қызмет етіп жүрген 20 журналист қатысуда. Шара ERG Komek корпоративтік қорының демеушілігімен жүзеге асуда.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар