///

Коронавирусқа бөлінген қаржы күн сайын миллиардтап көбейетін болған ба?

1843 рет қаралды
Фото: matrica.kz

3 желтоқсан күні ғана Бақытжан Сағынтаев Алматыда коронавируспен күреске 89,4 млрд теңге жұмсалды деп мәлімдегенін ақпарат агенттіктері жарыса жазған болатын. 

Арада бір апта өтпей жатып, Нұр-Сұлтандағы орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген Алматының әкімі бұл «күреске» 100 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалғанын мәлім етті

3 желтоқсан күні Сағынтаев «бұл тек бюджеттің ақшасы емес, бізге бизнес көмекке келді» деді. Әкім бұл ақша жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылысына және жалпы қалалық зертханалық желіні орталықтандыруға жұмсалды» деп мәлімдеген болатын.

Ал, бүгінгі мәлімдемесінде осы аталған тізімге «медициналық құрал жабдықтар (ең алдымен жан сақтау бөлімдері үшін), дәрілер, жедел жәрдем көліктерін, жеке қорғаныс жабдықтарын сатып алу, сондай-ақ қалаға жаппай дезинфекция жасау» деген пункттермен толығыпты.

Осы жылдың сәуір айында бас-аяғы 20 күнде құрылысы бітіп, қолданысқа берілген 280 орындық инфекциялық госпитальдың құрылысына 5 млрд теңге жұмсалды деп жарияланған еді. Қалған, 500 орынды және 300 орынды госпитальдарға кеткен шығын туралы ашық айтылмады. Мемлекеттік сатып алулар порталында Түркісіб ауданында 500 орынды медиииналық мекеменің техникалық негіздемесін жасау туралы тендер жарияланғаны туралы ақпарат бар. Алайда, тендер құжаты өзгерген. Сәуір айында жарияланған ол тендердің қорытындысы мен аурухана құрылысына тендер жариялау туралы порталға ешбір мәлімет жарияланбапты…

Мемлекеттік сатып алулар порталында жоғарыда аталған әр пункт бойынша сауда-саттық шарттары туралы мәлімет бар деп есептейміз және болашақта тексеріп көруге де ниеттіміз.

Дегенмен, Алматы әкімдігінің жұмысына қатысты күмән тудыру ойымызда жоқ. Алайда, коронавирусқа бөлінген қаражаттың апта өтпей 10 млрдқа жуық теңгеге «ұлғайып»  кеткені аздап ойлантқаны рас… Анығын Бақытжан Сағынтаев басқаратын әкімшілік түсіндірер деген әлсіз үміт сәулесі де жоқ емес.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар