//

БАҚ мамандарына арналған іс-шаралар, конференциялар және форумдар

2815 рет қаралды

Карантин көптеген мүмкіндіктерге шектеу қойды. Дегенмен онлайн оқудың да жаңа жолы ашылды. Білім алу жеңілдеп, қолжетімді болды. БАҚ өкілдеріне арналған осы жылғы  іс-шараларды ұсынамыз:

 Forecast 2021, 2-3 ақпан, онлайн

https://www.mediapost.com/forecast/

Біз 2020 жылмен қоштастық. Енді 2021 жылы не күтетінін анықтауға тырысудамыз. Сарапшылардың пайымдауынша, пандемиядан құлдыраған экономика қайта қалпына келе бастайды. Ал медиа сарапшылар БАҚ зардап шегуі мүмкін дейді. Бұл жылы не күтеміз және не нәрсеге дайын болуымыз керек? Қазіргі жағдай жалғаса ма, әлде өзгеріс орын ала ма? Әлеуметтік медиаға көзқарас қалай өзгерді және оны қолдану неге маңызды? Медиа-жоспарлаумен айналысуға бола ма және онда ескермеуге болмайтын жаңа көрсеткіштер бар ма? Бұл сұрақтардың жауабы “Forecast 2021” конференциясында айтылады. Жеңілдетілген бағада билет сатып алу аяқталды. Стандартты билет бағасы – 450 АҚШ доллары. Жоба туралы толық ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз.

Digital summit at home: content & social 24-26 ақпан, онлайн

https://athomefeb.digitalsummit.com/

https://youtu.be/30Iqjg4F4dU

2021 жылы “Digital summit at home” онлайн іс-шарасы ай сайын өткізілетін болады. Ол әр түрлі саладағы цифрлық дамуға арналған. Медиа тақырыбы ақпан айына жоспарланды. Іс-шарадан расымен де көп нәрсе алуға болады. Алғашқы екі күні әлеуметтік медиа, шығармашылықты дамыту және контент – маркетинг бойынша 25-ке жуық білім беру сессиялары өтеді. Үшінші күні мамандандырылған арнайы шеберлік сағаттары жүргізіледі. Егер сіз алты секунд ішінде әңгіме айтуды, әлеуметтік медианың жаңа трюктері мен құпияларын білгіңіз келсе немесе өзіңіздің брендіңіз бойынша қоғамдастық құруды үйренгіңіз келсе іс-шараға жазылыңыз. 29 қаңтарға дейін жеңілдік барын ескертеміз: екі оқу күніне 175 доллар және үш күндік шеберхана үшін 275 доллар. Үш немесе одан да көп билет сатып алсаңыз іс-шараға бүкіл командамен қатысуға мүмкіндік аласыз. Айтпақшы, әр қатысушы іс-шарадан кейін бейне жазбаға қол жеткізе алады. Бейне жазба билет құнына кіреді.

TV & Video Insiders Summit 2-3 наурыз, онлайн
https://www.mediapost.com/tvvideoinsidersummit/

Спорттық іс-шаралар және олардың тікелей эфирлерінің нақты болмауы, стримингтің жарылуы және OTT: пандемия телевизиялық медианың көрінісін өзгертті. Сонымен қатар, карантинде барлық уақытын үйде өткізген  адамдар бейнематериалдарды көбірек қолдана бастады. Нәтижесінде сапалы өнімге деген сұраныс күрт өсті. TV & Video Insider Summit бейнематериалдар жасау саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашады. Сонымен қатар видео контент өндіруде кездесетін қиындықтарды әр қырынан қарастыратын болады. Дағдарыс кезінде ауқымды, қымбат медиа өнімдерді қалай жоспарлау қажет? Видео контентті қандай тонмен, контекстпен және форматпен жасауға болады? TikTok сияқты жаңа бейне арналарды қалай пайдалану керек? Бұл туралы тіркеліп, 495 АҚШ долларын төлеген әрбір жанға айтылады.

SXSW online: The Future From Scratch 16-20 наурыз, онлайн

https://www.sxsw.com/

SXSW онлайн форматқа көшуіне байланысты фестивальді арзан бағада ұсынып отыр. Бұл керемет жаңалық. Бұрын оффлайн фестивальге қатысу 1145 доллар еді. Осы жылы сіз бар болғаны 249 доллар төлеп қол жеткізе аласыз. Сонымен қатар студенттер мен топ болып қатысатын жандар билетті одан да арзан ала алады. Спикер құрамы өзгеріссіз қалады. Биыл фестивальде медианың, мәдениеттің, бизнестің және технологияның ең жарқын өкілдері өнер көрсетеді. Олар тек пандемия туралы және оның біздің өмірімізге әсерін ғана талқыламайды. Одан бөлек көптеген тақырыптарды көтереді. Осы уақытқа дейін SXSW-ге барғыңыз келіп, бірақ оны қандай да бір себептермен орындай алмасаңыз, енді фестиваль барлығына қол жетімді.

Digital summit at home: associations 27-29 сәуір, онлайн

https://athomeapr.digitalsummit.com/

Сәуірдегі “Digital summit at home” сериясы ассоциацияларға арналған: білімге, ҮЕҰ-ға және қоғам құрылысына қатысатындардың барлығына арналған. Кездесуде талқыланатын тақырыптар медиа-мамандар үшін жарнамалық стратегияларды құруға, контент жасауға, жарнама мен таргетке қатысты жақсы ақпараттық блок болады.  Zoom, Twitter, Instagram, Facebook, LinkedIn, Spotify, Reddit және басқа ірі әлеуметтік платформалардың өкілдері өз ұсыныстарымен бөліседі. Іс-шарада әртүрлі тақырып бойынша екі күн оқуға және бір күн семинарға арналған. Дәріс тыңдағысы келетіндерге билет бағасы – 145 доллар, толық билет құны – 225 доллар.

Ad World 2021, 4-5 мамыр, онлайн

https://adworldconference.com/

Ad World 2021 ауқымды конференциясы шартты түрде PR, маркетинг, жылжыту және БАҚ-қа қатысты 13 секцияға бөлінген. Әрқайсысында сіз қазіргі заманғы медиа маманы үшін қызықты болатын нәрсені таба аласыз. Ол сторителлингтің жаңа стратегиялары, трафик немесе жарнама берушілерді тарту. Алдағы екі күнде тіркелгендер үшін үшін арнайы жеңілдік бар. Бірақ бәріне емес, белгілі бір таңдау болады. Егер сіз таңдалынып алынсаңыз сіз 59 және 89 АҚШ долларына мүше бола аласыз. Сізді осы іс-шара қызықтырса, билет сатып алуды кейінге қалдырмаңыз, өйткені оның негізгі құны шамамен 1000 долларды құрайды.

Global Media Forum: Disruption and innovation, 14-15 маусым, онлайн және оффлайн

https://www.dw.com/en/about-dw/gmf/s-43101535

14 – Deutsche Welle медиафорум аралас форматта өтеді. Платформаға онлайн және Германияның Бонн қаласында оффлайн қосылуға болады. Талқылаудың 4 негізгі бағыты бар:

Болашаққа көзқарас: AI және VR инновациялары мен тенденциялары;

Миссия мүмкін емес пе? Бөліну кезіндегі саяси коммуникациялар;

Әртүрлілік – болашақтағы сапалы медианың стратегиясы;

Конспирология теориялары және фейк жаңалықтар – медиа сенімді қалай қайтара алады?

Іс-шараға тіркелу туралы нақты мәлімет әлі жоқ. Іс-шараның ресми парақшасын қадағалуыңыз керек: https://www.dw.com/en/about-dw/gmf/s-43101535

Дереккөз: newreporter.org https://newreporter.org/

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар