/

Дина Тансари: Қылмысқа бір отбасы түгелімен қатысқан. 12 жасынан құлдықта болып келген қыздың оқиғасы

3301 рет қаралды
photo: times.kz Көрнекі сурет

   “Не молчи” қоры алты жыл құлдықта болған қыздың оқиғасымен бөлісті. Он екі жасында құлдыққа түскен қыз 18 жасында “Не молчи” қорына жүгінген. Сөйтіп  құлдықтан құтылуға қол жеткізеді.

Қыздың 11 жасында анасы, әжесі үшеуі Ташкенттен Алматыға келген еді. Әйел жұмысқа орналасып, әжеге де жұмыс тауып беруі керек болған. Алайда әйел әженің құжаттарын кепілге өткізіп жіберген. Сосын әже мен қызды қуып шығып, өзі қашып кеткен. Алғашында сол әйелдің құрбысы әже мен қызды өз қамқорына алады. Арада көп уақыт өтпей А есімді адам пайда болып, әже мен қызға ұсақ-түйекті сатумен айналысуды ұсынды. Олар шарасыздан келісімін берген. Себебі әженің құжаты жоқ. Ал қыздың тек туу туралы куәлігі ғана бар. Бір ай пәтер жалдап тұрды. Кейін А оларды өзінің ата-анасының жанына алып барды. Оларды үйге алып келген күні ата-анасы бірден үй тазалығына салып қойған. Бұл кез қыздың есінде екен. Күнде осы жағдай қайталана берді. Әже мен қыз үй тазалады, бүкіл отбасының кірін жуды, тамақ дайындады, 15 Алабайды тамақтандырды.

Қыз 12 жасқа толғаннан кейін бір-екі күн өтер-өтпестен үйде ешкім жоқта А (жасы 24-те) қызды зорлады. Ол қыз әлі кішкентай бала еді. Оның тіпті кеудесі қалыптаспаған, етеккірі келмеген. Оған қарамастан А қызды күнде зорлаған. Кейде үйде, кейде далаға алып баратын болған. Бір күні қыз А-ның анасына шағымданады. Бұл туралы әже де естиді. Сөйтіп әже шу шығарады. Мәселеге А-ның әкесі араласады. Егер әже мен қыздың бірі басқа біреуге бұл туралы шағымданса, денелерін бөлшектеп Алабайға тастаймын деп қорқытады ол.  “Сендер ешкімге де керек емессіңдер, ешкім де іздемейді. Полиция сендер туралы білсе өзге мемлекетте заңсыз жүргендерің үшін түрмеге жабады” деп қоқаң лоқы жасайды. Әже мен қыз қорқып, құқықтық сауатының болмауынан үнсіз қалады. Бір жылдан кейін қыз екіқабат болады. Әже бұл туралы білмеген. А-ның ата-анасы әженің хабардар болғанын қаламаған. Сөйтіп әжеден құтылу мақсатында оны  үйден қуып шығып, қызды алып қалады.

Осы уақыт аралығында қыздың денсаулығы ешкімді алаңдатпады. Білім алып, мектепке баруын ойлаған жан болмады. Барлығына қызды тегін қызметші және ұлына секс-құл ретінде ұстап отыру ұнады. Оларға қыздың осылай жүргені ыңғайлы болды. А есімді жігіт жасөспірім кезінде сотталған еді. Ол үйден жиі қашып кететін. Жігіттің анасы ұлын жоғалтып аламын деп қорқатын. Ал қазір бәрі жақсы сияқты көрінеді. А есімді жігіт үйге әйел әкелген секілді есептелді. Енді А бұрыңғыдай үйден кете бермейтін болды.

Қыз 14 жаста. Толғағы басталды. Педофилдің анасы Алматыдағы 4 перзентханаға апарған. Қыз әйелдер консультациясына бармаған. Тексеруден өтпеген. Анализ тапсырмаған. Осы уақытқа дейін оны қамауда ұстаған. Қызға әжесі хабарласса барлығының көзінше телефонның даусын шығарып сөйлестірген. Перзентханаға барарда А-ның анасы не айту керек, не айтпау керек, бәрін үйретеді. Осылайша өзінің педофил ұлын түрмеден қорғағысы келеді.

Ауруханада ол қыз бала дүниеге әкеледі. Толғағы ашты болып, ауыр жағдайда босанады. Қан кете бастайды. Дәрігерлер жатырды алып тастаймыз дейді. Дегенмен, оны құтқарып қалды. Осы қылмыстың бәрін жасырған, қызды балалар емханасына апармаған, консультациядан өткізбеген, өзін-өзі күту және қорғаныс органдарына жеткізбеген кім? Бұның бәрін жасаған кімдер?

Немқұрайлы ана Өзбекстаннан келді. Өзінің қылмысын жабу үшін қызын зорлаған жігітті жасырып қалуға тырысады. Олар полицияға қыз Өзбекстанда бейтаныс біреумен байланыс жасады, содан екіқабат болған деп мәлімдейді. Қыз анасының айтқанымен келісуге мәжбүр. Басқа талаптары жоқ екенін айтады. Осымен іс мұрағатқа кетті. Дүниеге келген сәби дәрігердің қарауынсыз қалды. Екпе де, құжаттары да жоқ. Аурухана қызметкерлеріне және педофилдің ата-анасына бұл мәселе үлкен сұрақ болып тұр!

Қызды ана мен бала үйіне алып кетті. Бірақ бұл жағдайлар жайлы көп нәрсе есінде емес. Себебі ол өте ауыр депрессияға ұшырады. Ешкіммен тілдеспеді. “Ана мен бала” үйінің қызметкерлері қыздан қорқа бастайды. Қыз күні-түні терезеге қарап үнсіз отыратын. Қазір оның жүзінен эмоция көрмейсіз. Күлкіні, қуанышты, ашуды, көз жасын ішіне жинай берген. Ол анасының сатқындығын, тартқан азабын ойлай берді. Бала кезінде көрген сол қайғылы сәт санасында қалып қойды. Екі аптадан кейін педофилдің анасы басқаша сайрады. Қызға қамқор болғысы келетінін айтып “Ана мен бала” қорынан қыз мен сәбиді алып кетті.

Сұмдық жалғасуда. Жазаның болмауынан, барлығына рұқсат көрінгеннен, қызды қамқорлығына алған адам ретінде олар мүлдем қорқудан қалды.

Қыз 16 жасқа толғанда екінші бала дүниеге келді. Содан кейін олар полицияға қыздың өзі ерікті түрде белгісіз біреумен жыныстық қатынасқа түскенін айтты. Қыз кез келген адамнан бала туатын жеңіл жүрісті деп сендіруге тырысады.

Қыз тағы да әйелдер кеңесіне жүгінген жоқ. Өмірге ұл бала келгенімен, денсаулығында кінәрат бар еді.  Балада ентігу, құсу, іш ауыру басталды. Үш ай бойы бала ауырды. Алайда бәрі үнсіз қалды. Қыз дәрігер шақырайық деп жалынады. Бірақ өзгелері қыздың жанайқайын елемейді,  дәрігердің көмегі туралы сөзді қозғамайды да. Үш айдан кейін бала шетінеп кетеді. Оны бір жерге апарып көмген. Бірақ тағы да ресми түрде ақпарат жоқ. Мүмкін алабайға тастаған да шығар, кім біледі?

Бір қылмыстың артынан үлкен тізбек пайда болды. Өтеген батыр орталығында, басты көшеде, бір қабырғаның артында осындай қасақана жасалынған қылмыс орын алды. Қылмысқа бір отбасы мүшесі толығымен қатысты. Бұл үйде А есімді педофилдің інісі мен қарындасы тұрады. Қарындасы мен қыздың арасы 2 жас. Екі қыздың бірі мектепке барды. Бірі жан арпалысымен өмір сүрді: “Неге мені мектепке жібермейді? Мен ауырғанда неге мені ауруханаға апармайды? Менің балаларым неге құжатсыз? Және оларды қалайша ешкім іздемейді? Медициналық тексеріске, екпеге неге шақырмайды?”

Қазір А тұтқындалды. Бірақ  отбасының басқа мүшелері бостандықта жүр. Қыз мен сәби әлі де үлкен қауіпте жүр. Оған мемлекеттің қамқорлығы қажет. Қызға СОБР күзеті керек. Отбасы мүшесінің барлығы сотталмайынша қыз бен сәбиге қауіпсіз мекен жай қажет. Осы отбасына келгелі қыз өз қалауымен бірде-бір рет жыныстық қатынасқа түспеген. Алты жыл бойы қысым, зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Қыз өзіне тиіспеуін, қатты ауыртпалық болғанын айтып жалынған, жылаған. Бірақ А педофилдің айтуынша ол тек өз құмарлығын ойлаған. А есімді жігіт бұл ісін өзі мойындады.

Алматы тұрғындарының қолдауымен қыз бен сәбиі киім-кешекпен қамтылды. Олар біраз уақыт қауіпсіз жерде тұра алды. Біз жиналған қаржыға қажет азық-түлік, дәрі-дәрмек алып бердік. Екеуінің өмірі мен денсаулығына полиция жауапкершілікпен қараса дейміз. Қазір қорғаншы және қамқоршы органның арқасында және Іле ауданының араласуымен баланың туу туралы куәлігіне қол жеткізді. Іс Білім министрлігінің, Балалар құқықтарын қорғау комитетінің және Ұлттық комиссияның басшысы Лаззат Рамазанованың бақылауында. Сондай-ақ, бұл іс Өзбекстанның балалар омбудсмені Әлия Юнусованың бақылауында! Құжаттармен «Родник» ПФ, про-боно адвокат Дана Ақбергенова, қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің өкілі Алмат Мұхамеджанов жауап береді. Бұл қылмыстар үшін ешкім жауапкершіліктен қашпауы керек!

Ана мен сәбиге қаржылай көмекті қордың картасына аударуға болады. #Үндемеңіз, «Алматылық қызға» деген белгімен жіберсеңіз. Карта Алмат Мұхамеджановтің атында., +7 705 151 0000 телефон нөмірінен таба аласыз.

Айта кетерлігі әжесі жұмыс тапқан. Мүгедек атаның жағдайын жасап, екеуі бірге тұрады. Қазір біз әжені де құжаттандыруға көмектесеміз. Мен бұл отбасы қыздың кішіпейілділігі мен мойынсұнушылығына сенгенін білемін. Бірақ қыз құл емес, сондықтан ол қашуға мүмкіндік тапты.

Аударған Жадыра Жанарбек

Түпнұсқа: https://www.facebook.com/100000909867714/posts/5135755116464766/

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар